Әлем • 14 Маусым, 2024

Британдық кәсіпкер Apple компаниясын сотқа бермек

51 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Британдық кәсіпкер әйелімен ажырасуына iPhone өндірушісі кінәлі деп санап, Apple компаниясын сотқа бермек, деп хабарлайды Egemen.kz

Британдық кәсіпкер Apple компаниясын сотқа бермек

The Times порталының жазуынша, кәсіпкер  ажырасуы және соның салдарынан үлкен көлемдегі ақшаның жоғалуы оның iPhone телефонынан өшірілген айыптау мәтіндерінің отбасылық iMac-та қолжетімді болуының тікелей нәтижесі екеніне сенімді.

Сондай-ақ оның айтуынша, Apple компаниясы iPhone пайдаланушыларына жойылған хабарлар синхрондалған құрылғыларда әлі де сақталуы мүмкін екенін ескертуі керек.

Жұбайына опасыздық жасаған кәсіпкер iMessages қосымшасы арқылы жазылған хабарламаларды жойған. Алайда, әйелі сол қосымшаны отбасылық компьютерден ашқан сәтте, ол басқа адамның iPhone-ға жіберген соңғы хабарламасын көрді. Осыдан кейін әйелі ажырасуға арыз берген.

Салдарынан кәсіпкер 5 миллион фунт стерлингтен (6 миллионнан астам немесе шамамен 3 миллиард теңге) шығынға ұшырады. Бұл шығынды Apple компаниясын сотқа беру арқылы өндіріп алмақ.

 

Қырмызы ЖҰМАҒАЛИҚЫЗЫ,

ЕҰУ студенті