Қоғам • 15 Маусым, 2024

Цифрландыру – ақпараттық қоғамның ажырамас бөлігі

180 рет
көрсетілді
8 мин
оқу үшін

2017 жылдан бастап жыл сайын Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві мен Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті және Ресей мемлекеттік гуманитарлық университеті бірлесе отырып, жас архившілердің халықаралық жазғы мектебін өткізіп келеді. Биылғы жас архившілердің VII халықаралық жазғы мектебі ҚазҰУ-дың Әл-Фараби кітапханасында салтанатпен ашылып, ауқымды іс-шара 100-ден аса қатысушының басын қосты. Халықаралық форум Қазақстан Президенті Архивінің 30 жылдығына және Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 90 жылдығына арналған мерейтойлық іс-шаралар аясында өткізілді.

Цифрландыру – ақпараттық қоғамның ажырамас бөлігі

2024 жылғы 12-14 маусым аралы­ғын­да Қазақстан, Қырғызстан және Өз­бек­­станның орталық, облыстық және аудандық архивтерінен жас маман­дар, «Архивтану және құжаттану» маман­ды­ғы бойынша оқитын универ­ситет студенттері, магистранттары мен докторант­тары, соның ішінде Ита­лия, Қытай, Танзания және Франция ел­дерінен алмасу бойынша білім алушы­лар дәрістерге, семинарларға және ше­берлік сыныптарына қатысты.

Университет төріндегі жас архивші­лер жиынын Президент Архивінің директоры Әлия Мұстафина ашты.

– Осы жылдарда жазғы мектепте 1 000-нан аса жас архивші біліктілі­гін арт­тырды. Алғашында форум жұмысы­на ТМД елдері архивтерінің жас мамандары қатысқан болса, жазғы мектеп жыл өткен сайын өзінің географиялық ауқы­мын кеңейтіп келеді. Қазіргі уақыт­та Мемлекет басшысы тарапынан отан­дық архив саласының дамуына ерекше назар аударылып отыр. Дәстүрге айналған форумның биылғы тақырыбы «Цифрлы трансформация жағдайындағы архивтерді жинақтау мәселелеріне» арналады, – деді Әлия Құсайынқызы.

п

Архив директоры форум қаты­су­шы­ларына Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің басшысы Бақыт­жан Сариевтің құттықтау хатын оқып бер­ді. «Қазіргі цифрлық технология­лар­дың қарқынды дамыған уақытында ­архив ісінің де маңыздылығы артып жа­тыр. Дәстүрлі қағаз негіздегі құжаттар­мен қатар электрондық құжат айналы­мына басымдық беріліп отыр. Бұл тұр­ғыда архивтердің жұмысын қайта қа­рау, қағаз құжаттармен қатар электрон­дық құжаттарды қалыптастырудың жаңа ­талаптары мен стандарттарын жетіл­діру қажеттілігі туындап отыр. Осы­ған орай биылғы жазғы мектеп тақыры­бы архив саласының маңызды бағыт­тары­ның бірі – құжаттарды жинақтау ­мен қалыптастырудың өзекті мәселеле­ріне арналады. Архив мамандары Ұлт­­тық архив қорына мемлекеттік сақ­тау­ға қабылданатын құжаттарды ірік­теу, олар­дың құндылығын сараптау, сипат­тау­да өздерінің жоғары жауапкер­­ші­лі­гін сезінуі қажет», делінген Бақыт­жан Шөміш­­байұлының құттықтау ха­тында.

Сондай-ақ жас архившілер фору­мы­ның жұмысына табысты серіктес болып келе жатқан достастық елдері архив ісі­нің басшылары мен жетекші өкілдері онлайн форматта қатысып, форум жұмысы­на сәттілік тіледі. Ресей мемлекеттік гума­ни­тарлық университетінің президенті, тарих ғылымдарының докторы, профессор Ефим Пивовар, ҚазҰУ-дың ғы­лым және инновациялық қызмет жөніндегі департаментінің директоры Марғұ­лан Ибраимов, ТМД Атқару комитеті Эко­номикалық ынтымақтастық депар­таментінің кеңесшісі Марина Кулаги­на, Өзбекстан Республикасы Әділет ми­нистр­лігі жанындағы «Өзархив» агент­тігінің директоры Улугбек Юсупов, Бүкіл­ресейлік құжаттану мен архивтану ғылыми зерттеу институтының директоры Павел Кюнг, Беларусь құжат­тану және архив ісі ғылыми зерттеу инс­­титутының директоры Андрей Ры­баков халықаралық жиынның маңы­зын атап өтіп, цифрландыру дәуірінде архив ісін ұйымдастырудың тиімді тұсы туралы өз пікірін жеткізді. Цифрланды­ру – ақпараттық қоғамның ажырамас бір бөлшегі. Архив – осы қоғамның маңызды элементі. Жаңа, цифрлық әлемді қабылдау архив ісінің стратегиясын, құрылымын, қызметі мен нәтижесін қайта қарауды міндеттейді. Ал архив ақпараттарының қолжетімді болуын цифрлық технологияны пайдалану жолымен қамтамасыз ету бүкіл архившілердің ортақ мұраты болуға тиіс. Қазақстанның архив ісі саласына «цифрландыру» деген ұғым 2017 жылы «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының бекі­тілуімен бірге мықтап орныққанын айтқан Прези­дент орталығы дирек­торының орынба­сары Дулат Жүкенов өз ойын былайша са­бақтады:

– Әріптестердің назарын мына мәсе­леге ерекше аудару қажет. Сандық технология жағдайында архивтерді сапалы жинақтауға құжаттармен жұмыс істеудің барша технологиялық тізбегі байланысты, оларды іздеу ыңғайлы болу мақсатында ғылыми-анықтамалық ап­парат жасау және ең ақырында құжат­тарды пайдаланушыға ұсыну. Осы­ған орай қайсыбір тұғырнамаларды әзір­леудің бастапқы кезеңінде жүйе жолақ­тарын дұрыс әрі анық белгілеу аса маңызды, содан әрі қарай сапалы және қолайлы іздеу туындайды, сол арқылы қажет құжатты табады. Сонымен бірге іздеу тек архив ісінің мамандарына ғана емес, басқа адамдарға да қолайлы әрі түсінікті болуы қажет. Сонымен қатар нейротораптың қарыштап дамып бара жатқанын есепке ала отырып, қажетті құжатты жасанды интеллект оңай таба алуы керек.

Кейінгі жылдары елдегі архив меке­ме­лерінде цифрландыру үдерісі бел­сен­ді жүргізіле бастады, соған сәйкес архив саласы өркениетті даму кезеңіне қарай қадам басты. Алайда экономиканы цифрлы технологияға көшірудің бүгінгі жағдайында сапалы электронды құжаттарды пайдалану мен сақтау мәселесі аса өзекті екенін атап өткен де маңызды. Сондай-ақ бүгінгі күні архив құжаттарын сақтаудың бірнеше жүйесі жұмыс істейді. Алайда архивтерді жи­нақтау-толықтыру үдерісі әлі де болса қол­мен жасалады, ал бұл – уақыт шы­ғын­дайтын тиімсіз жүйе. Бұл әртүрлі топтағы пайдаланушылар үшін архив құжаттарын тиімді басқару мен ақпа­ратқа қолжетімділікті арттыруды қам­тамасыз ете отырып, Қазақстан архив­терін толықтыруды сапалы автоматтандыру үдерісін жеңілдетіп, жеделдете түседі.

Бұл шараның бәрі де барлық деңгей­дегі пайдаланушыларды – сала мекеме­лерінің мамандарын да, архив саласына қатысы жоқ қарапайым азаматтардың да архив құжаттарын игілікке пайдалануына мұрсат береді. Яғни Мемлекет басшысы атап өткендей, архивті тек сақ­тау үшін ғана сақтамау керек, бүкіл қоғамның сапалы пайдалануы үшін сақ­тау керек.

Қазіргі кезеңдегі архив жұмысын жетілдіру бойынша жазғы мектеп бағ­дар­ламасы түрлі маңызды тақырып­тар­ды қамтып, қатысушыларды топтарға бөліп, өз алдына жеке кіріспе дәріс, шебер­лік сабақтарын ұйымдастырды. Негізгі дәріскерлер Президент Архи­вінің қызмет пен орталықтарының бас­шылары, РМГУ мен Әл-Фараби атын­­дағы ҚазҰУ-дың ғалымдары мен оқы­­тушылары болды. «Ведомстволық ар­хив­­тердің жұмысын ұйымдастыру­дың кей­­бір мәселелері», «Жинақтау көз­дері – мемлекеттік ұйымдардың ведом­ст­во­­лық архивтері қызметінің тиімділік рей­тингі», «Электрондық құжаттармен жұ­мысты ұйымдастыру. Электрон­дық құ­жаттарды архивтік сақтау жүйесі», «Ар­хивтерді электрондық құжаттар­мен жинақтаудың мәселелері», «Архив ісін әдістемелік қамтамасыз етуді әзір­леу­дің теориялық негіздері», «Жинақ­тау көз­дері ұйымдарының Ұлттық архив қоры­ның құрамына кіретін архив құ­жат­тарын қалыптастырудағы және олар­ды мемлекеттік архив­терге тап­сы­рудағы мемлекеттік бақы­лау­дың рөлі», «Цифрлық трансформа­ция жағ­да­­йында архивтерді толықтыру кезінде құжаттарды есепке алу», «Архивтер және му­зейлер: жеке текті құжаттарды жи­нақ­­тау және пайдаланудағы жаңашыл­дық», тағы басқа өзекті тақырыптарда баяндамалар жасалып, Қазақстан және дос­тастық елдері архив саласының лауазымды тұлғалары мәселелерді бірге тал­қылап, өз елі мекемесінің тәжіри­бесі негі­зінде ой-пікір алмасты.

Форум аясында отандық және ше­тел­дік ғалымдардың, архив сала­сы­ның тәжірибелі мамандары мен жас архив­­шілердің арасында аталған тақы­рып аясында сындарлы диалог құры­лып, ғы­лыми ізденіс жолындағы қатысу­шылар өз жобаларын қорғады.

 

АЛМАТЫ