АТЫРАУ. 19 қаңтар. Атырау қаласында жолаушылар тасымалдайтын автобустар қозғалысы GPS-пен бақылауға алынады. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Атырау қаласының әкімі Нұрлыбек Ожаевтың жергілікті жолаушы тасымалдаушылармен өткізген кеңесінде нақ осы мәселе мақұлданды. Бұған дейін, яғни, өткен жылдың күзінде қалалық әкімшіліктің қызметкерлері Астанадағы қоғамдық көлікте GPS жүйесін енгізу тәжірибесіне зерттеу жүргізіпті. Ал Атыраудағы алғашқы тәжірибе №4 машрутта қатынайтын автобуста енгізілген. Осы бағыттағы 12 автобусқа GPS жүйесі қондырылып, қоғамдық көліктің аялдамаларға келуі уақыты, ұзақ тұруы мен салонға адамның көп мінуі, жүргізушілердің жол қозғалысы ережесін сақтауы бақылауға алынған.
«Бұл қоғамдық көліктерде жолаушы тасымалын жақсартуға септігін тигізеді. Өйткені, GPS жүйесін қаладағы 200-ден астам автобусқа орнатар болсақ, олардың күнделікті қозғалысын, құқық бұзушылықтарды экраннан көріп отыруға болады», деген Атырау қаласының әкімі Нұрлыбек Ожаев тиісті мамандарға GPS жүйесін енгізудің тиімді жолдарын қарастыруды ұсынды.
Мұндай жүйе болашақта Атырау қаласындағы такси қызметіне қолданылуы мүмкін.
Жолдасбек Шөпеғұл.
Дерек: egemen.kz.
Сурет: azh.kz.
• 19 Қаңтар, 2015
Атырауда жолаушылар автобустарын GPS-пен бақылайды

Бүгін 1 долларды қанша теңгеге сатып алуға болады?
Қаржы • Бүгін, 08:54
Анчелотти Неймарды әлем чемпионатына баратын құрамға қосты
Футбол • Бүгін, 08:24
Жаңбыр жауып, жел күшейеді: 19 мамырға арналған ауа райы болжамы
Ауа райы • Бүгін, 08:13
Адамға ұқсас роботтарды дамыту: Оңтүстік Корея ауқымды жобаны іске қосты
Әлем • Бүгін, 08:00
Иран өлім жазасына кесу бойынша әлемде бірінші орында
Әлем • Бүгін, 00:35
Жамбыл облысында жоғалып кеткен азамат дронның көмегімен табылды
Қоғам • Бүгін, 00:15
Сәкен Бибосынов титулдық жекпе-жектен қағылды
Спорт • Бүгін, 00:08
Ә.Қастеев музейіне бір түнде 15 мыңнан астам адам барды
Руханият • Кеше
Алматыға «Almaty Superski» жобасы не үшін керек?
Қоғам • Кеше