Президент • 17 Маусым, 2024

Президент Пәкістан Премьер-министрімен телефон арқылы сөйлесті

98 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Пәкістан тарапының бастамасымен өткен әңгімелесу барысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Премьер-министр Шахбаз Шариф бір-бірін Құрбан айт мейрамымен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Президент Пәкістан Премьер-министрімен телефон арқылы сөйлесті

Фото: Ақорда

Тараптар екіжақты қатынастардың перспективті бағыттарына айрықша мән берді.

Мемлекет басшысы екі елдің көпжақты ынтымақтастығының қозғаушы күшіне айналып келе жатқан экономикалық кооперацияның әлеуеті зор екенін атап өтті.

Бұдан бөлек, Қазақстан мен Пәкістанның халықаралық ұйымдар аясындағы ықпалдастығына қатысты мәселелер, соның ішінде алдағы уақытта Астанада өтетін ШЫҰ саммитінің күн тәртібі талқыланды. 

Соңғы жаңалықтар

Нағыз ғалым еді...

Тұлға • 13 Шілде, 2024

Аурухана жағдайымен танысты

Саясат • 13 Шілде, 2024

Әскерилерді әлеуметтік қолдау

Саясат • 13 Шілде, 2024

Базалық мөлшерлеме төмендетілді

Экономика • 13 Шілде, 2024

Көршінің наны

Қоғам • 13 Шілде, 2024