Инфляция • 18 Маусым, 2024

Жылдық инфляция баяулады

73 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мамырда еліміздің көптеген өңірінде жылдық инфляция баяулап, 8,5% болды. 16 өңірде бәсеңдеген жылдық инфляция 1 өңірде жеделдеп, үшеуінде өзгеріссіз қалды. Ал ең жоғары мәні Қарағанды облысы мен Астана қаласында тіркелді.

Жылдық инфляция баяулады

Фото: fibi.tech/ru

Мамырда азық-түлік тауарының бағасы 5,5%-ға дейін баяулады (сәуірде – 6,3%). Азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасының өсу қарқыны 7,6% болып, бұрынғы деңгейде сақталды (сәуірде – 7,6%). Ең жоғары мән Маңғыстау облысында (14,2%), төменгі мән Алматы облысында (5,5%) тіркелді.

Сондай-ақ ақылы көрсетілетін қызмет бағасы 13,9%-ға дейін жеделдеді (сәуірде – 13,5%). Сонымен қатар Қарағанды облысында (18,0%) баға жалпы республикалық деңгейден біршама жоғары, Ұлытау облысында (8,3%) айтарлықтай төмен өсті.

Өткен айда ел бойынша айлық инфляция 0,4%-ға өсті, бұл – тарихи орташа мәннен төмен (2017–2021 жылдардағы мамырда – 0,5%).