Экономика • 18 Маусым, 2024

Tele2 мен ALTEL шетелдік инвесторға сатылады

86 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев «Мобайл-Телеком Сервис» (Tele2/ALTEL Біріккен Компаниясы) шетелдік инвесторға сатылатынын айтты, деп жазады Egemen.kz.

Tele2 мен ALTEL шетелдік инвесторға сатылады

Фото: profit.kz

Tele2/ALTEL Қатардың Power International холдингіне 1 млрд долларға сатылады.

Power International Holding байланыс жүйелерінің инфрақұрылымына шамамен 300 млрд теңге қаражат бөледі. Сонымен қатар базалық станцияларды салу, 5G базалық станцияларын орнату бойынша міндеттемелерді орындайды. 

«Жаңа қатарлық инвестордың келуі – өте маңызды бастама, жаңа инвестицияларға, жаңа есімді тарту арқылы инвесторлық базаны кеңейтуге, нарықта, атап айтқанда, ұялы байланыс операторларында бәсекелестікті арттыруға мүмкіндік береді. Мәміле сомасы шамамен 1 млрд долларды құрайды. Бұл шаралар бәсекелестікті күшейтеді деп санаймыз, ал бәсекелестік, өздеріңіз білетіндей, сапаның артуына әкеледі», деді Жаслан Мәдиев.