Энергетика • 18 Маусым, 2024

Таразда АЭС салу мәселесі талқыланды

92 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Тараз қаласында Қазақстанда АЭС салу мәселесі талқыланды. Бұл туралы Энергетика министрлігі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Таразда АЭС салу мәселесі талқыланды

Фото: storage.googleapis.com

Жиынды өткізуге Жамбыл облысы Ақсақалдар кеңесі бастамашы болды.

Жария талқылауға өңір тұрғындары, жергілікті Қоғамдық кеңестің, ардагерлер кеңесінің мүшелері, ҚР Энергетика министрлігінің, «Қазақстандық атом электр станциялары» ЖШС, «Ядролық физика институты» РМК, облыстық және қалалық мәслихаттар, ҮЕҰ, шағын, орта және ірі бизнес, БАҚ өкілдері, жергілікті белсенділер, энергетиктер, жоғары оқу орындарының студенттері, оқытушылары мен ғалымдары, саяси партиялар мен этномәдени бірлестіктер филиалдарының басшылары және т.б. қатысты.

Жиында ҚР Энергетика министрлігі, «Қазақстандық атом электр станциялары» ЖШС, «Ядролық физика институты» РМК өкілдері баяндама жасады.

Спикерлер өз сөзінде қазіргі уақытта Қазақстанның энергетика секторындағы басым бағыттардың бірі атом энергетикасын дамыту болып табылатынын атап өтті. Сондай-ақ, Қазақстанда АЭС салу ел экономикасын дамыту үшін жаңа мүмкіндіктер ашуға, энергетикалық және өнеркәсіптік өндірісті әртараптандыруға, ғылымды дамытуға және заманауи технологияларды енгізуге, қоршаған ортаға зиянды заттар шығарындыларын азайту есебінен экологиялық жүктемені төмендетуге, жаңа жұмыс орындарын құруға және атом саласының кадрлық әлеуетін дамытуға және т.б. мүмкіндік беретінін түсіндірді. 

зз