Жемқорлық • 19 Маусым, 2024

Петропавлда шенеунік жылу жүйесіне бөлінген ақшаны жымқырған

55 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Петропавлда әкімдікке бағынысты ұйымның басшысы бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді, деп жазады Egemen.kz.

Петропавлда шенеунік жылу жүйесіне бөлінген ақшаны жымқырған

Фото: el.kz

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі «Петропавл қаласының тұрғын үй қызметі» ЖШС басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Лауазымды тұлғаға кәсіпкермен алдын ала сөз байласу арқылы тұрғын үйлерді жылыту және сумен жабдықтау жүйелерін жөндеуге бөлінген 7,5 млн теңге мөлшерінде бюджет қаражатын жымқырды деген айып тағылып отыр.

Антикор тергеу жалғасып жатқанын, қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейтінін мәлімдеді.