Балалар • 19 Маусым, 2024

Биыл 400 мыңға жуық бала мектепке дейінгі дайындықты аяқтайды

38 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Биыл 396 093 бала мектепке дейінгі дайындық ұйымдарын бітіріп, мектепке аттанады, деп жазады Egemen.kz ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Биыл 400 мыңға жуық бала мектепке дейінгі дайындықты аяқтайды

Фото: el.kz

Бүгінгі таңда елімізде 1 млн-нан астам баланы қамтитын 11,5 мың мектепке дейінгі ұйым жұмыс істеп тұр. Биыл мектепке дейінгі дайындықты 396 093 бала аяқтайды.

Балалардың мектепке дейінгі білім беру қызметтеріне тең қол жеткізуін қамтамасыз ету мақсатында осы жылдың басынан 10,3 мың орынға арналған 149 мектепке дейінгі ұйым ашылды, жыл соңына дейін 77,4 мың жаңа орын іске қосылады.