Оқиға • 20 Маусым, 2024

Қостанай облысындағы Аят өзенінен жас қыздың денесі шығарылды

72 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қайғылы оқиға 20 маусымда Қостанай облысының Варваринка ауылындағы Аят өзенінде болды, деп хабарлайды Egemen.kz

Қостанай облысындағы Аят өзенінен жас қыздың денесі шығарылды

фото: almaty.tv

Бүгін, 20 мамырда 16 және 18 жастағы екі қыз ата-аналарымен Варваринка ауылындағы Аят өзеніне демалуға барған. Бір кезде екеуі де жоғалып кетті. Оқиға орнына құтқарушылар шақырылды.

«Құтқарушылар су қоймасынан бір қыздың мәйітін шығарды», деп хабарлады Қостанай облысының ТЖ департаменті.

Құтқарушылар жоғалған екінші қызды іздестіріп жатыр, ол 16 жаста.