Технология • 20 Маусым, 2024

Қазақ тілді ChatGPT қашан іске қосылады? Министрдің жауабы

55 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарышты дамыту министрі Жаслан Мәдиев қазақ тіліндегі ChatGPT қашан іске қосылатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақ тілді ChatGPT қашан іске қосылады? Министрдің жауабы

- Әрине, ол өте маңызды жоба. Қазіргі таңда біз QazLLM деген жобаны іске асырып жатырмыз. Ол үлкен тілдік модель. Назарбаев Университетімен осы бағытта жұмыс жүргізіліп жатыр. Бүгінге дейін 6 млрд-қа жуық токен жиналды. Біздің мақсат — 100 млрд токенге дейін жеткізу. Осы жылдың соңы - желтоқсанда бірінші нұсқасы шығады деп ойлаймыз, – дейді Мәдиев.

Айта кетейік, ChatGPT былтырдан бері ең көп талқыланған жобаға айналды. Адамдар онымен сөйлесіп, түрлі тапсырма беріп, тіпті диплом жұмысын жаздырып көрген.

ChatGPT – америкалық коммерциялық емес OpenAl компаниясының 2022 жылдың қараша айында таныстырған нейрондық желісі. Ол арқылы жасанды интеллектпен хат жазысып, кез келген сұрақ қоюға немесе тапсырма беруге болады.