Байқау • 21 Маусым, 2024

«Мен – Отан қорғаушымын!»

52 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлттық ұлан сапындағы әскери қыз­мет­шілердің балалары арасында құқық­тық тәртіп әскерінің беделін арттыру мақсатында «Мен – Отан қорғаушымын!» фотобайқауы өткізілді.

«Мен – Отан қорғаушымын!»

Байқау балалардың бойында патриоттық сезімдерді тәрбиелеу, Отанға құрмет көрсету, әскери қызметтің беделін арттыру мақсатында ұйымдастырылды.

д

Фотобайқауға барлық өңірлік қолбасшылық­тардан, Ұлттық ұлан академиясынан және тікелей бағыныстағы әскери бөлімдерден 90-нан астам өтінім келіп түсті. Байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлері Ұлттық ұланның Instagram-дағы ресми аккаунтында жиналған дауыс саны арқылы анықталды. Дауыс беру нәтижесінде бірінші орынды 5451 әскери бөлімі байланыс қоймасының аға маманы, қатардағы Балжан Тұрсынованың 1433 дауыс жинаған ұлы Рамазан Тұрсын иеленді. Екінші орын Ұлттық ұлан академиясы 1-оқу батальонының 2-оқу ротасы 2-оқу взводының командирі, капитан Жанарбек Қайыржановтың ұлы Жанәлі Бүркітке 1230 дауыс бұйырды. Көшбасшылар үштігін «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы тыл басқармасы киім-кешек қыз­метінің бастығы, майор Нұржан Алданазаровтың балалары түйіндеді. Мансұр мен Әлинұр Алданазаровтар 982 дауыс жинаған.

Ұлттық ұланның қоғамдағы абыройын арттыруға белсенді қатысқан және жүлделі орындарға ие болған әскери қызметшілердің балалары Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы, генерал-лейтенант Еркін Ботақановтың атынан дипломдармен, алғысхаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.