Қоғам • 21 Маусым, 2024

Құрбан айт: Министр 17 маусымда неге демалыс берілмегенін түсіндірді

57 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова Құрбан айттың алғашқы күні не себепті 17 маусымнан 16 маусымға ауыстырылып, ел азаматтарына неге демалыс берілмегенін түсіндірді, деп хабарлайды Egemen.kz

Құрбан айт: Министр 17 маусымда неге демалыс берілмегенін түсіндірді

Фото: Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

«Мен халықты жақсы түсінемін. Жыл соңында біз мереке күндерін анықтау үшін барлық мемлекеттік органнан тиісті ақпаратты сұратамыз. Оның ішінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы да бар. Олар бізге Құрбан айттың бірінші күні 17 маусымда болатыны туралы ақпаратты ресми түрде ұсынды. Осыған сәйкес күнтізбе жасалды», деп айтты ол.

Алайда ведомство басшысының айтуынша, ҚМДБ хатында күнтізбеге байланысты демалыс күні ауысуы мүмкін екені де жазылған.

«Сондықтан біз Құрбан айт басталғанға дейін яғни 2 апта бұрын ресми хат алдық. Онда Құрбан айттың бірінші күні 16 маусым деп жазылған. Заңға сәйкес, бұл күн демалыс күніне сәйкес келді», деп айтты С.Жақыпова кулуарда.

Айта кетейік, бұған дейін Құрбан айт мейрамы 17 маусымда дүйсенбіге келіп тұрғандықтан, бес күн жұмыс істейтіндер 15,16,17 маусымда демалатынын жазған едік. 

Алайда Құрбан айт мерекесінің бірінші күні 16 маусымға сәйкес келетіні анықталып, демалыс күн алынып тасталды.