Аймақтар • 22 Маусым, 2024

Екі аптада 100 үй пайдалануға берілді

66 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Петропавлда су тасқынынан зардап шеккендерге «Қазақстан халқына» қорының қаражат бөлуімен 100 үйдің құрылысы толық аяқталды. Өңірге арнайы келген Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев тұрғындарға 47 үйдің кілтін тапсырды. Ал 53 үйдің кілті екі апта бұрын берілгенін «Қуаныштың көз жасы» атты мақаламызда хабарлағанбыз. («ЕҚ», 07.06.24)

Екі аптада 100 үй пайдалануға берілді

Жаңа үй алған адамдардың қуанышында шек жоқ. Бұл үйлер­дің алғашқы 53-ке қарағанда артықшылығы да бар – от жағатын пеші үйде емес, далада, үй іргесінде орналастырылған. Сонымен бірге үй­лердің кеңдігі бұрынғыға қарағанда 8 шаршы метрге артық.

Сөйтіп, жаңа «Бірлік» шағын ауда­ны­на салынбақшы 700 үйдің 100-нің кілті тапсырыл­ды. Президенттің тапсырмасы кезең-кезең­мен орындалып келеді. Демеу­ші­лердің қолдауымен қалған үй­лердің құрылыстары да қызу жүр­гізіліп келеді. Сонымен бірге мұнда мектеп, балабақша, емхана, дәрі­герлік бекеттер құрылы­сы да жүр­гізі­леді. Балабақ­шаның қабырғалары қазірдің өзінде көтеріліп қалған. Мұнда келетін автобус бағыттары да көбейген.  

Үй алғандардың бірі – Наталья Наумен­коның отбасы. Қайтыс болған қызының үш баласын өсіріп отырған кейуана биыл үй­лерін су басып, далада қалғанда көз жасы­на ие бола алмаға­нын айтады. «Үй салып бере­­міз, далада қалдырмаймыз» деген сөзге қуан­­ғанымызбен, ол үй қашан бітеді, жаз бо­йы қайда тұрамыз деген уайым­нан арыла ал­мадым. Енді, міне, жаздың басын­да-ақ та­маша үйге қоныстандық. Бала­лар­дың ой­науына ауласы қандай кең. Пре­зи­­дент­ке айтар алғысым шексіз, уәдесін дәл уа­­қы­тында орындады. Енді жаз бойы үйі­­міз­­ді өзімізге ыңғайлаймыз. Жерімізге то­пы­­рақ алғызып, көшкіндер де отырғыза бас­­тай­­мыз, жаңа үйде жаңа өмірімізді бастай­мыз», дейді ол қуанышын жасыра алмай. 

Бұдан бұрын жазғанымыздай, «ЗИКСТО» АҚ көмек ретінде үй жиһаз­дары мен тұрмыстық техникалар әперуге уәде берген. Мына үйге де тоңазытқыш, газплита, кір жуатын машина және жиһаз сыйлапты. Ең қажетті тұрмыстық заттар. Енді балалар кең үйдің бұрыштарын өздеріне меншіктеуге жанталасып жатыр.

Әрине, кейбір үйлер әлі толық аяқтал­маған. Мысалы, Анатолий Зильге берілген үйдің ішкі жұмыстары әлі 2-3 күндік жұ­мысты талап етеді екен. Бақытқа бөлен­ген­дердің бірі – Куминовтар отбасы. Ерлі-зайып­ты екеуі ғана тұратын бұлардың қуа­ны­шында да шек жоқ. Айтуларына қара­ғанда, бұрынғы тұрған үйлері 65 шаршы метр екен. Әрі ол үй бәлен жылғы ескі көрінеді. Енді 90 шаршы метрлік хан сара­йын­дай үйге түсіп тұр. «Үй бізге қатты ұна­ды, тынысы кең, жарық. Енді тезірек үй­дің ішін қалыпқа келтіріп, жиһаздар мен тұр­мыстық техникаларымызды орна­лас­ты­руға кірісеміз. Бізге тез арада үй салып берген жандардың бәріне алғысымыз шексіз», дейді үй иесінің зайыбы Светлана Куминова.

Рустам Қожахметов есімді жас жігіт те та­маша үйлердің біріне кірді. «Өз ба­сым мынадай үй алармын деп ойла­ған жоқ­пын. Жайнаған, жарқыраған үй ме­­нің екі балам мен жарымды да қуан­тып жатыр. Балаларым бір бөл­ме­ден екіншісіне жүгіріп, ойнап кетті. Пре­­­зи­дентке, оның тапсырмасын орын­да­ған Үкімет пен жергілікті билікке шын жү­рек­тен алғысымды айтамын», деді ол. Ботагөз Айтмағанбетова Ойқа­­лада 20 жыл тұрғандарын айтты. «Үйі­­міздің ішіне су кіріп кеткенде, бұл дүние­дегі бақытсыз жан жалғыз біз секілді көр­дік. Бірақ ел тастамады, Президенттің өзі ке­ліп, үй береміз, уайымдамаңыздар, далада қал­дырмаймыз деген еді, енді, міне, сол кісі­нің сөзінің шындығына көзіміз жетіп отыр. Алғысым шексіз. Басқа да қолдау біл­діргендерге, демеушілерге шын жүректен алғыс айтамын», деді ол толқып тұрып.

Осы үйлер 40 күнде дайын болған екен. Алғаш­­қы­сымен қосқанда 40 күнде барлы­ғы 100 үй пайд­алануға берілді. Ең бастысы үй ең қа­жетті дүниелерімен толыққан.

 

Солтүстік Қазақстан облысы