Алматы • 22 Маусым, 2024

Бұдан былай камералар жедел жәрдем мен өрт сөндіру көлігінде де болады

102 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда автобус, өрт сөндіру, жедел жәрдем және полицияның қызметтік көліктеріне жаңа камералар орнатылуы мүмкін, деп жазады Egemen.kz ақпарат агенттігі.

Бұдан былай камералар жедел жәрдем мен өрт сөндіру көлігінде де болады

Заманауи құрылғылар жол ережесін бұзған жүргізушілерді бірден анықтайтын мүмкіндікке ие. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның “Информбюро” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.
камера

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше камералар санын көбейтуге жол апаттарының саны артуына байланысты. Камералар жаңадан ашылған арнайы зауытта жасалмақ.

Жаңа кәсіпорында 2025 жылы мың мобильді және мың стационарлы құрылғы жасауды жоспарлаған. Болашақта қоғамдық бақылауды күшейтуге бағытталған ұшқышсыз ұшу аппараты, полицияға арналған камерасы бар көзілдіріктер, тәртіп сақшыларына төсбелгі сияқты заманауи жабдықтар шығарылмақ.