Елорда • 24 Маусым, 2024

Астанада өртенген тұрғын үй бюджет қаржысына жөнделе ме?

53 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

22 маусым күні Астанадағы «Rixos Khan Shatyr Residences» тұрғын үй кешенінің сыртқы жабыны өртеніп, пәтерлер зақымданған еді. Әкімдік үйді жөндеу мәселесі талқыланып жатқанын мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.

Астанада өртенген тұрғын үй бюджет қаржысына жөнделе ме?

Фото: ТЖМ

Өрт салдарынан зақымданған пәтерлер мен қасбетті жөндеу шығыны бюджет есебінен өтелмейтіні айтылды.

«Комиссия ғимаратты ары қарай пайдалану бойынша техникалық мәселелерді қарайды. Аталмыш үйде өрт болғанын ескерсек, бұл – төтенше жағдай, қала әкімдігі тек ұйымдастырушылық мәселелер бойынша көмек көрсетеді», делінген әкімдік хабарламасында.