АСТАНА. 20 қаңтар. Орасан күштің иесі, күрестің бірнеше түрінен әлем чемпионы атанған тұңғыш қазақ алыбы, теңдессіз өнерінің арқасында жер шарын аралап, 28 мемлекетте күреске түсіп, 56 медаль олжалаған әйгілі Қажымұқан палуанның рөлін сомдаған белгілі актер Әлеухан Бекболатұлы кеше 60 жасында жүрек ауруынан көз жұмды. Бұл туралы «ҚазАқпарат» хабарлады.
Дүние жүзінің чемпиондары Иван Поддубный, Иван Шемякин, Алекс Аберг, Иван Заикин, Георг Лурих, Георг Гаккеншмидт, Поль Понс, Вейланд Шульц сынды жампоздармен қатар жүрген қазақтың атақты палуанының рөлінде ойнау екінің бірінің қолынан келе бермейді.
Әлеухан Бекболатұлы Қызылорда облысы Жаңақорған ауданында 1955 жылы туған. Сом денелі, сұңғақ бойлы азамат күреске бейімділігінің арқасында 200-ден астам үміткердің ішінен таңдап алынып, Қажымұқан рөлінде ойнауға мүмкіндік алған-ды.
Марқұмды ақтық сапарға шығарып салу рәсімі бүгін 12:30-да Қарағанды трассасындағы Ер Көкше көшесінде «Райымбек» дәмханасында өтеді.
Айдар Өрісбаев.
Дерек: «ҚазАқпарат».
Сурет: kino-teatr.ru.
• 20 Қаңтар, 2015
Қажымұқанның рөлін сомдаған актер Әлеухан Бекболатұлы қайтыс болды

Қазақстан Иранға гуманитарлық көмек көрсетті
Саясат • Бүгін, 10:08
Президент Түркістан облысының әкімі мен өңір тұрғындарына ризашылығын білдірді
Саясат • Бүгін, 09:50
Экономика • Бүгін, 09:27
Бүгін сыртқа көп шықпаған жөн: Төрт қалада қолайсыз метеожағдай күтіледі
Ауа райы • Бүгін, 09:18
Исламофобия: Сынақ һәм аңдысқан ағайын
Руханият • Кеше
Географиядан ұлттық олимпиада жеңімпаздары анықталды
Білім • Кеше
Қазақстанда жауын-шашынды жасанды көбейту жобасы іске қосылды
Экология • Кеше
Қызылордада бір күнде 600 отбасы баспаналы болды
Аймақтар • Кеше
«Музей түні»: Ел тұрғындарын қандай тосынсыйлар күтеді
Мәдениет • Кеше
Шетелдік инвесторлар үшін «Алтын виза» режимі енгізіледі
Экономика • Кеше
Президент зерделі ұлт қалыптастыруға арналған жарлыққа қол қойды
Президент • Кеше