Қоғам • 25 Маусым, 2024

Биылғы су тасқынынан келген шығынның көлемі есептелді

99 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Үкімет Қазақстанда су тасқынынан келген шығынның алдын ала көлемін жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz

Биылғы су тасқынынан келген шығынның көлемі есептелді

Коллаж: El.kz

Премьер-Министрдің орынбасарының айтуынша, алдын ала бағалаулар бойынша шығын 53 миллиард теңгені құрайды.

"Бірақ бұл алдын-ала бағалау. Сондай-ақ, автожолдардың 109 учаскесі 39,6 миллиард теңгеге, мектептер 11,7 миллиард теңгеге зардап шекті. Электрмен жабдықтау желілері 1,5 миллиард теңгеге шығын келтірді. Бұл сомаға жеке нысандар кірмейді",- деді Қанат Бозымбаев.

Бұл ретте Бозымбаев, инфрақұрылымды қалпына келтіруге жалпы қажеттілік 48,7 млрд теңгені құрайтынын айтты. Бұл қаражат жолдарды, электр желілерін қалпына келтіруге және әлеуметтік нысандарды жөндеуге жұмсалады.

Еске сала кетейік, бүгінгі таңда 39,8 млрд теңге құрайтын жобалар дайындалды.

Бұған дейін Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев су тасқынынан кейін қанша қазақ отбасының жәрдемақы алғанын мәлімдеді.