Қоғам • 26 Маусым, 2024

Этникалық қазақ балаларына арналған «Jas Qazaq» лагері ашылды

161 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кеше этникалық қазақ балаларына арналған «Jas Qazaq» жазғы-этно лагерінің ашылуы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Этникалық қазақ балаларына арналған «Jas Qazaq» лагері ашылды

Фото: «Отандастар қоры»

Сыртқы істер министрлігіне қарасты «Отандастар қоры» КЕАҚ ұйымдастыруымен және IQanat қорының қолдауымен шетелде тұратын этникалық қазақ балаларына арналған жазғы этно-лагерь жұмысын бастады.

Отандастар қорының «Jas Qazaq» жазғы этно-лагері төртінші рет ұйымдастырылып жатыр. Осыған дейін 400-ден аса қандас балалар қатысса, биыл Ресей, Моңғолия, Өзбекстан, Қырғызстан, Қытай, Оңтүстік Корея және Иран елдерінен келген 255 этникалық қазақ балаларының басын қосты. Қатысушылардың арасында төтенше жағдай кезінде қазақстандық достарына жылу жинаған моңғолиялық қазақ балалары, Қоғамның түрлі байқауларына қатысып, білімдері мен біліктіліктерін дәлелдеген қаракөз қандастарымыз бар.

Лагерь 2024 жылғы 24 маусым және 7 шілде аралығында Бурабайдағы «IQanat High School of Burabay» мектебі базасында өтеді. Балалар екі аптада қазақ тілі, тарихы мен салт-дәстүрін үйреніп, ұлттық ойындар мен музыкалық аспаптарда ойнайды, атқа мініп, киіз үй құрады, еліміздегі жоғары оқу орындарының қатысуымен өтетін білім көрмесіне қатысады және ең бастысы әлемнің көптеген елінен достар табады.

6

25 маусым күні лагерьдің ресми ашылу салтанатына Парламент Мәжілісінің депутаттары Болат Керімбек және Нұргүл Тау, Россотрудничествоның Астанадағы өкілдік басшысы Ольга Филонова, «Отандастар қоры» КЕАҚ президенті Данияр Қадыров және IQanat мектебінің директоры Зайкен Жанат қатысып, балаларға ақжарма тілектерін білдірді.

Соңғы жаңалықтар

Орфандық ауру асқынып тұр

Медицина • Бүгін, 09:30

Он тілді меңгерген оқушы

Білім • Бүгін, 09:25

Орталық Азиядағы орта держава

Қазақстан • Бүгін, 09:02

Жүрек қағысын жетілдіру тәсілі

Медицина • Бүгін, 08:45

Дара да дана қайраткер

Тұлға • Бүгін, 08:40

Робот ота жасады

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:25

Ең ұзын туннель

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Аққыздың аманатын арқалаған

Руханият • Бүгін, 08:07

Күмбірлеп өткен күй ғұмыр

Тағзым • Бүгін, 08:05

«Пахтакор» – чемпион!

Футбол • Бүгін, 08:02

Отыз үйрек, бес қырғауыл

Аймақтар • Бүгін, 07:50