ANTIKOR • 26 Маусым, 2024

Қазақстан мен Қатар жемқорлыққа қарсы бірлескен күрес жүргізеді

64 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Қазақстан мен Қатар Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірлескен күрес жүргізуге мүдделі, деп жазады Egemen.kz.

Қазақстан мен Қатар жемқорлыққа қарсы бірлескен күрес жүргізеді

Фото: ANTIKOR

Осы жылдың ақпанында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қатарға жұмыс сапары барысында екі мемлекет арасындағы ынтымақтастықты арттыруға бағытталған іс-шаралар белгіленді. Оның ішінде жемқорлыққа қарсы бірлескен күрес жұмысы да бар. Осы мақсатта қос тарап «Парасаттылық пен ашықтықты ілгерілету жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандумға» қол қойды. Оның аясында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен Қатардың Әкімшілік Бақылау және Ашықтық Басқармасы Жол картасына қол қою жоспарланды.

24 маусым күні Қатардың Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомствосының (Әкімшілік Бақылау және Ашықтық Басқармасы) басшысы Хамад Бин Насер Рашид Аль-Миснед мырза бастаған делегациясы Қазақстанға сапармен келді.

Іс-сапар аясында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасы Асхат Жұмағали Әкімшілік Бақылау және Ашықтық Басқармасының Президентімен екіжақты кездесу өткізді.

Жиын барысында тараптар екі елдің жемқорлыққа қарсы қызметтерінің жұмысы, мемлекеттік органдардың басым бағыттарын талқылап, өзара іс-қимыл жөніндегі Жол картасына қол қойды.

Қазақстанның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі жемқорлықты жою, активтерді қайтару, бизнесті қорғау, құқықтық көмек көрсету, бюджет қаражаты мен сатып алудың мақсатты пайдаланылуына мониторинг жүргізу бойынша жүйелі шараларды таныстырды.

Сонымен қатар Агенттік Төрағасы балалар мен жастарға жемқорлыққа қарсы білім беру мен тәрбиелеу, сондай-ақ цифрландыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарға тоқталды.

Қатарлық тарап Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевпен де кездесті. Жиында отандық және шетелдік инвесторлар үшін қолайлы инвестициялық ахуалды қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінетінін атап өтті. Бұл ретте бизнес алдында мемлекеттік органдар жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптасқан үлкен жауапкершілікті арқалайды. Осы бағытта Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі белсенді рөл атқарады.

дд
Іс-шарада Ұлттық банк, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі және Электрондық қаржы орталығының өкілдері цифрлық үкіметтің қызметі және мемлекеттік сатып алу жүйесін цифрландырудың ерекшеліктері туралы баяндама жасады.

Антикор Төрағасы А. Жұмағали Қатар басшылығын осы жылдың соңына жоспарланған БҰҰ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясының нормаларын жедел енгізу мақсатында Орталық Азия елдері үшін Өңірлік платформа Конференциясына қатысуға шақырды.

Өз кезегінде Қатардың Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомствосы 2024 жылғы қарашада Қатарда өтетін халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы конференцияға шақырды.

Кездесу аясында Қатардан келген делегация өкілдері еліміздің мәдени және тарихи құндылықтарымен де танысты.

Іс-шара қорытындысы бойынша тараптар жемқорлықтың себептері мен салдарын неғұрлым тиімді талдау, ынтымақтастықты нығайту және екі елдің дамуы мақсатында тәжірибе алмасуды жалғастыруға келісті.

лл