Қоғам • 26 Маусым, 2024

Мүмкіндігі шектеулі жандарға берілетін жәрдемақы мөлшері белгілі болды

222 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің деректеріне сүйенсек, Қазақстанда 725 мың мүгедек адам тұрады, оның 58%-ы еңбекке жарамды, 26,9%-ы зейнеткерлік жаста, 15,1%-ы 18 жасқа дейінгі балалар, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мүмкіндігі шектеулі жандарға берілетін жәрдемақы мөлшері белгілі болды

Фото: VGstockstudio / Shutterstock / Fotodom

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың айтуынша, әлеуметтік кодексте мүгедектерді әлеуметтік қорғаудың үш деңгейлі жүйесі қарастырылған: жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдер түріндегі мемлекеттік көмек пен қолдау, әлеуметтік оңалту шеңберінде дененің жоғалған функцияларын өтеу, арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету, жұмыспен қамту.

Министр 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап жәрдемақы 7 пайызға өскенін атап өтті. Мысалы, жалпы ауруына байланысты мүгедектерге төленетін жәрдемақы мөлшері өткен жылмен салыстырғанда: бірінші топқа – 89,2 мың теңгеден 95,5 мың теңгеге; екінші топқа – 71,4 мың теңгеден 76,4 мың теңгеге дейін; үшінші топқа – 48,7 мыңнан 52 мың теңгеге дейін өсті.

2024 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша жәрдемақы алушылардың саны - 541,8 мың адам, оның орташа мөлшері - 74 мың теңге. Сонымен қатар соңғы алты жылда мүгедектік бойынша жәрдемақының орташа мөлшері 2,3 еседен аса өсті.

Соңғы жаңалықтар

Қайырымдылықтың сауабы мол

Қоғам • Бүгін, 11:30

Протездеудің шебері

Маман • Бүгін, 11:10

Керек дерек

Digital • Бүгін, 11:00

Қайта жаңартылған көпір

Аймақтар • Бүгін, 10:45

Абдолла ақын ұлықталды

Тағзым • Бүгін, 10:35

Қаламгердің көзілдірігі

Таным • Бүгін, 10:25

Өлең боп өмір кешкен

Руханият • Бүгін, 10:05

Алаш дәрігері

Тұлға • Бүгін, 09:55

Сенім һәм ұрпақ тәрбиесі

Пікір • Бүгін, 09:45

Нияз батыр

Зерде • Бүгін, 09:40

Қарақұрт қаптап кетті

Мәселе • Бүгін, 08:50

Туған жерге тірек болар жоба

Шаруашылық • Бүгін, 08:40

Ауадан бензин жасаған

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Кездейсоқ жаңалық

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:20

Пойыздағы арпалыс

Театр • Бүгін, 08:15

Пайдалы пластик

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:03