Ауыл • 26 Маусым, 2024

Ең таза ауыл

31 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Ел мен жерге шынайы пайдасын тигізіп жатқан акция­лардың бірі «Таза Қазақстан» дер едік. Ерте көктемде бас­талған тазалық жұмыстары жер-жерлерде әлі күнге ұйымдастырылып келеді. Әлбетте, жыл соңына дейін жалғасын таба бермек. Осы орайда Ұлан аудандық Жастар ресурстық орталығының бастамасымен «Таза ауыл» байқауы жарияланған еді.

Ең таза ауыл

Байқауға Ұлан ауда­нын­дағы барлық 16 ауыл­дық округ және 45 елді мекен қатысып, өздерінің береке-бірліктерін көрсетті. Тазалыққа үндейтін байқау қорытындысы бойынша аудандағы ең үздік «Таза ауыл» деп Жанұзақ ауылы таң­далып, жүлделі 10 млн теңге кө­лемінде сертификатқа ие болды.

апрапрапр

– Ауданымыздағы бел­сен­ділер мен қоршаған ортаға бейжай қарай алмайтын азаматтар осы аталған байқауға жемісті жұмыс атқарғандарын мақтанышпен айта аламыз. Ауылымыздың көр­кеюі мен таза болуы осындай жан­дардың тынымсыз еңбегінің арқасы. «Таза Қазақстан» акциясы аясында ауданымызда айтулы шаралар іске асты. Атап айтсақ, киелі мекен Ақбауыр археологиялық кешені толығымен тазаланып, Асубұлақ орман шаруашылығында 22 мың көшет отырғызылды. Сондай-ақ Сібе, Дұбығалы және Шыбынды көл жағалаулары қоқыстан тазартылып, Таврия ауылдық окру­гінде «Таза бейсенбі» сенбілігі өтті. Туған жерді жасыл желекке ай­нал­дыру бағытында қызмет ететін осындай жанашыр және белсенді азаматтар қатары арта берсін, – дейді Ұлан ауданының әкімі Думан Есдау­летұлы.

Естеріңізге сала кетейік, бай­қауда комиссия мүшелері арықтар мен каналдарды та­залауға, абат­­тандыруға баса назар аударды. Әр ауылдан жүздеген адамдар ж­ұ­мылдырылып көше­лер тазаланды, абаттандыру жұмыстары жүргізілді және жасыл желек отыр­ғызылды. Соның ішінде ең­бектеген баладан, еңкейген қартқа дейін Жанұзақ ауылының тұрғындары береке-бірлік танытып, бір адамдай сенбілікке белсене атсалысты. «Ауылына қарап, азаматтарын таны» демекші, бұл ауыл бұған дейін ішімдіктен бас тартқан ауыл ретінде білсек, енді міне, Ұлан ауданының ең үздік «Таза ауылы» атанды. Берілген 10 млн теңге қаржыны ауыл тұр­ғындары өздері ақылдаса отырып, ауылдарына қажетті дүние салуға жұмсамақ.

– «Таза ауыл» байқауы – аудан тұрғындарын тазалыққа ша­қыратын, туған өлкені жасыл желекке айналдыруға үлес қо­сатын әлеуметтік маңызы бар жоба. Соңғы жылдары ауылдар­да абат­тандырылған аулалар кө­бейген. Бұл жыл сайын өткі­зіліп келе жатқан осындай ша­ралардың нәтижесі. Мұндай бай­қаулар ауылдың санитарлық тазалығын жақсартуға септігін тигізеді. Сон­дай-ақ Ұлан ауданы «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы қорытындысы бойынша Шығыс Қазақстан облысында көш бастап тұр – дейді Жастар ресурстық орта­лығының басшысы Серік Ас­қабылов.

 

Шығыс Қазақстан облысы,

Ұлан ауданы