Аймақтар • 27 Маусым, 2024

Қонаевта атыс болып, бір адам көз жұмды

160 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев Қонаев қаласында болған атысқа қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қонаевта атыс болып, бір адам көз жұмды

Фото:orda.kz

Әлеуметтік желілерде түнде қалада атыс болып, салдарынан 21-24 жастағы жігіттер жарақат алғаны туралы ақпарат тарап жүр. Оқиға орнында бір адам қайтыс болғаны анықталды.

Қожаевтың айтуынша, бүгін таңертең екі азамат оқ жарақаты белгілерімен қалалық ауруханаға жеткізілген.

«Өкінішке қарай, бір адам көз жұмды, атысқа қатысқан барлық азамат анықталды, қазір оларды ұстау шаралары жүргізіліп жатыр», деді министрдің орынбасары.

Алматы облысының полиция департаменті бұл фактіге қатысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

«Күдікке ілінген тұлғаларды ұстауға бағытталған кешенді шаралар жүргізіліп жатыр. Тергеу амалдары облыстық департамент басшылығының ерекше бақылауына алынды», деп түсіндірді ПД баспасөз қызметі.

Желідегі ақпараттарға сүйенсек, 27 маусымға қараған түні Қонаев қалалық көпсалалы ауруханасына 2000 жылы туған ер адам жеткізілген. Оқ жарақатын алған жәбірленушіге шұғыл ота жасалған.

«Науқас жансақтау бөлімінде жатыр, жағдайы өте ауыр», делінген облыстық денсаулық сақтау басқармасы таратқан хабарламада.

Соңғы жаңалықтар

Қайырымдылықтың сауабы мол

Қоғам • Бүгін, 11:30

Протездеудің шебері

Маман • Бүгін, 11:10

Керек дерек

Digital • Бүгін, 11:00

Қайта жаңартылған көпір

Аймақтар • Бүгін, 10:45

Абдолла ақын ұлықталды

Тағзым • Бүгін, 10:35

Қаламгердің көзілдірігі

Таным • Бүгін, 10:25

Өлең боп өмір кешкен

Руханият • Бүгін, 10:05

Алаш дәрігері

Тұлға • Бүгін, 09:55

Сенім һәм ұрпақ тәрбиесі

Пікір • Бүгін, 09:45

Нияз батыр

Зерде • Бүгін, 09:40

Қарақұрт қаптап кетті

Мәселе • Бүгін, 08:50

Туған жерге тірек болар жоба

Шаруашылық • Бүгін, 08:40

Ауадан бензин жасаған

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Кездейсоқ жаңалық

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:20

Пойыздағы арпалыс

Театр • Бүгін, 08:15

Пайдалы пластик

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:03