Қоғам • 27 Маусым, 2024

Ақтөбеде вандалдар мұражайға шабуыл жасаған

90 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Вандалдар Ақтөбе қаласындағы ашық аспан астындағы авиатехника мұражайына шабуыл жасады. Әкімдік мердігерді сотқа беріп жатқанда, вандалдар көрермен назарына қойылған техниканы бөлшектеп жүр, деп хабарлайды Egemen.kz «Астана» телеарнасына сілтеме жасап

Ақтөбеде вандалдар мұражайға шабуыл жасаған

Фото: astanatv.kz

Бұл ретте аталған мұражай ресми түрде әлі ашылмағанын айта кету керек. Ұшу институтының аумағында өткен ғасырда пайдаланылған тікұшақ, пен азаматтық ұшақтар қойылған. Олар ретке келтіріліп, боялған, бірақ қысқа уақыт ішінде ұшақтардың бортында бөгде суреттер пайда болып, кей жеріне зақым келтірілген. Бірақ вандалдарды тоқтататын ешкім жоқ – саябақта күзетшілер де, бейнебақылау камералары да жоқ.

Бұрын бұл аймақ Әуе қорғанысы күштеріне қарасты Әскери институттың қарамағында болған. Екі жыл бұрын саябақ әкімдіктің балансына көшті. Қала әкімдігі аумақты көркейтіп, ашық аспан астындағы мұражай құруды жоспарлаған. Тиісті жұмыстар өткен жылдың соңына дейін аяқталуы тиіс еді. Бірақ жауапты мердігер міндеттемелерді орындаудан жалтарды. Ақыры саябақтың ресми ашылу мерзімі белгісіз уақытқа шегерілді.

«Мердігер шарт бойынша белгіленген жұмыстарды аяқтаған жоқ. Атап айтқанда, саябақта жарық жоқ, жаяу жүргіншілер жолы да соңына дейін салынбаған, аумақты көгалдандыру тиісті деңгейде жүргізілмеген. Біз компанияға жұмыстардың орындалмауына байланысты сотқа дейінгі нұсқама жолдадық. Жақын арада сотқа жүгінеміз», деп түсіндірді Ақтөбе қаласының жолаушылар көлігі және автожолдар бөлімінің маманы Талғат Наурызов.

Соңғы жаңалықтар

Қайтқан активте қайыр бар  

Заң • 21 Маусым, 2025

Полицейді неге бөтенсиміз?

Пікір • 21 Маусым, 2025

Ауылдың «ауруын» жасырмайық

Пікір • 21 Маусым, 2025

Жедел жәрдем жұмысындағы жаңалық

Медицина • 21 Маусым, 2025

Емхана – ел игілігіне

Аймақтар • 21 Маусым, 2025

Жол жаңарту жалғасады

Аймақтар • 21 Маусым, 2025

100 жүк вагоны шығарылды

Өндіріс • 21 Маусым, 2025