Оқиға • 27 Маусым, 2024

Баласын өлтіріп, аттракционнан секірген әйелге қатысты тың дерек шықты

418 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев алдымен баласын өлтіріп, соңыра аттракционнан секіріп кеткен әйелдің оқиғасына байланысты мән-жайды тарқатып айтты, деп жазады Egemen.kz.

Баласын өлтіріп, аттракционнан секірген әйелге қатысты тың дерек шықты

Фото: gorkiypark.kz

Сенат мінберінде Марат Қожаев қайғылы оқиғаға қатысты қойылған БАҚ өкілдерінің сауалдарына жауап берді.

Ол әйел өзіне қастандық жасамас бұрын баласын өлтіргенін туыстарына жеткізген. 

«Өзіне қол жұмсау дерегі расталды. Әйел Қазақстан азаматы. Ол Алматыдағы «Горький» саябағында аттракционнан секіріп кеткен. Туыстарының айтуынша, ол бұған дейін «ерекшеліктері» бар баласының өлімі туралы хабарлаған. Бала диспансерлік есепте тұрған», деді Марат Қожаев.

Полицейлер әйелдің тұрғылықты жерін тексеру кезінде баланың мәйітін тапқан.