Қоғам • 27 Маусым, 2024

«Air Astana» Ерлан Көкеевтің гитарасын ұрлаған адамды іздестіріп жатыр

182 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бір күн бұрын музыкант Ерлан Көкеев «Air Astana» қызметкерлері гитарасын жоғалтып алғанына шағымданған еді. Әуе компаниясы тексеру жүргізіп, бағалы аспапқа не болғанын анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz

«Air Astana» Ерлан Көкеевтің гитарасын ұрлаған адамды іздестіріп жатыр

Фото: facebook/airastana

Компанияның багажды іздеу қызметінің қызметкерлері рейс алдында Е.Көкеевке гитараны қол жүгі ретінде өзімен бірге алып жүруді ұсынған. Бірақ музыкант аспапты тапсырып, сыртына «әйнек» белгісін қоюды өтінген.

Бейнебақылау камерасының жазбалары бойынша гитара Алматы әуежайында түсіріліп, багаж лентасында болғаны белгілі болды.

«Кейін сол рейстің қызыл бас киім киген жолаушысы багаж лентасынан Ерлан Көкеевтің гитарасын алып кеткен. Әуе компаниясы қызыл бас киім киген жолаушыдан гитараны Ерлан Көкеевке қайтарып беруін сұрайды. Әйтпеген жағдайда Ерлан Көкеевтен жолаушының жеке басын әрі қарай анықтау және жоғалған мүлікті іздеу үшін құқық қорғау органдарына хабарласуды сұраймыз», деп хабарлады әуе компанияның баспасөз қызметі.

Әуе компаниясы музыканттың аспабын іздеуде полицияға көмектесуге уәде берді.