Аймақтар • 27 Маусым, 2024

Алматы аудандарының бірінде түнде суық су өшіріледі

126 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда 1 шілдеде сағат 22:00-ден 2 шілде 06:00-ге дейін Бостандық ауданындағы суық су желілерінде жоспарлы профилактикалық жұмыстар жүргізіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматы аудандарының бірінде түнде суық су өшіріледі

Фото: gov.kz

«Алматы Су» МКК хабарлауынша, жөндеу жұмыстарына байланысты Қазақфильм, Нұр Алатау шағын аудандарында, «Бағанашыл 1, 2» ТК, Жароков – әл-Фараби даңғылы – Левитан көшесі – Үлкен Алматы өзені (Үлкен Алматы) көшелері контурында,  «Қазақфильм» киностудиясы, Mountian Park ТК, Mountian Drive ТК, Mountian ТК, ПКСТ ТАН, ТК , SUNTOWN ТК , Әйгерім ТК , Seven Stars ТК, Байсал ТК , Наурыз ТК , Нayat Park, Баракат ТК , Комфорт сити ТК, Реал Алматы ТК, Аtria ТК, Braun ТК, Космо ТК, Комфорт ТК, Алма бау-бақша қоғамына суық су беру уақытша тоқтатылады.

Еске сала кетейік, Бостандық ауданында 27 маусым мен 15 қыркүйек аралығында құбырды қайта жөндеу жұмыстарына байланысты Ходжанова көшесінде көлік қозғалысы шектеледі.