Президент • 27 Маусым, 2024

Мемлекет басшысы бірқатар заңға қол қойды

129 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мемлекет басшысы бірқатар заңға қол қойды

Фото: Ақорда

«Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы мәдени орталықтарды өзара құру туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды», делінген хабарламада.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

Сондай-ақ Ақорда хабарламасында: «Мемлекет басшысы «Түркі мемлекеттері ұйымына мүше мемлекеттердің үкіметтері арасындағы халықаралық құрамдастырылған жүк тасымалдары туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды», делінген.

Заң мәтіні баспасөзде жария етіледі.