Қоғам • 30 Маусым, 2024

Эйр Астана жолаушылары Анталиядан Астанаға ұшатын рейсті бір күн күткен

125 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Air Astana жолаушылары Анталиядан елордаға ұшып келетін рейсті бір күн бойы күткен, деп хабарлайды Egemen.kz.

Эйр Астана жолаушылары Анталиядан Астанаға ұшатын рейсті бір күн күткен

Жолаушы Әлия Молдағұлованың сөзінше, олар "Эйр Астананың” 216 рейсімен Анталиядан сағат 12:20-да кешігіп ұшқан. Сосын бір сағат ұшып, кері қайтқан екен.

- Олар ұшақтың бұзылғанын хабарлады. Дәретхана біз ұшқаннан бастап жұмыс істемеді. Олар бізді кемінде тағы бір жарым сағат ұшақта ұстады. Содан кейін түсіріп, жүктерімізді алуымыз керек екенін айтты, — деді рейс жолаушысы.

Оның айтуынша, олардың отбасылық демалысы рейс салдарынан бұзылған. Ұшақ Анталияға оралғаннан кейін "Эйр Астананың" әрекетіне көңілі толмаған. Жолаушылар жүгін бір сағат күтіп, кеденнен әрең өткен.

Жолаушы оларды таңғы 8-ден бастап ешкім тамақтандырмағанын, бірақ кейінірек олар қонақүйге кіргенін, бұл да көп уақытты алғанын айтады. Алайда түнгі 12-де олар қайтадан әуежайға келген.

- Бізді қабылдау бөлімшелерінің арасында сенделтіп қойды. Соның кесірінен үш сағат кассада тұрып, үш баламмен кезек бізге жеткенде стюардессалар келіп, бізден бұрын тіркеуден өтті, – дейді Әлия.

Түнгі сағат үште жолаушылар рейстің кешігетіні туралы ресми ақпарат алмаған. Жолаушы әуежайда авиакомпания өкілдері болмағанын айтады.

Айтуынша, оларға тамақ, сусындар берілмеген. Әсіресе балалар шаршады.

Ақыры таңғы бесте жолаушылар Астанаға ұшып, Қазақстан уақыты бойынша түскі 12-де қоныпты.

Жағдайға қатысты әхірге "Эйр Астана" әуе компаниясы түсініктеме бермеді.