Оқиға • 02 Шілде, 2024

Інісін өрттен аман алып шыққан 10 жасар бала ТЖМ медалін алды

253 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Көкшетауда аяғынан жарақат алған 10 жастағы бала бір жасар інісін өрттен аман алып шықты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Інісін өрттен аман алып шыққан 10 жасар бала ТЖМ медалін алды

Фото:Ақмола облысы ТЖД

«Төтенше жағдай болған кезде ол абдырап қалмай, бірден үйдегі электр қуатын өшіріп, өрт сөндірушілерді шақырған, кейін бір жасар інісін қолына алып, терезеден шығып кеткен. Футбол ойнап аяғын жарақаттап алған жас ққтқарушы сол кезде гипспен жүрген», деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметі.

Артур Гаитов өзін батыр санамайтынын, бұл оның азаматтық парызы екенін жеткізді.

«Мен гардероб жақтан бір дыбысты естідім. Ол жерге жүгіріп барып, өрт болып жатқанын көрдім. Мен есікті жауып, інімді алып, алыс бөлмеге жүгірдім. Онда мен қосқышты ажыратып, терезеден секірдім», деді Артур.

Ұлдардың анасы балалары үйде жиі жалғыз қалатынын айтты.

Ақмола облысы ТЖД бастығының орынбасары Асхат Ақылжанов ҚР ТЖ министрінің жарлығымен 10 жасар батырға «Өртте көрсеткен қайсарлығы үшін» медалін тақты.

Айта кетерлігі, оқушы болашақта құтқарушы болуды қалайтынын атап өтті.

Соңғы жаңалықтар

Қайырымдылықтың сауабы мол

Қоғам • Бүгін, 11:30

Протездеудің шебері

Маман • Бүгін, 11:10

Керек дерек

Digital • Бүгін, 11:00

Қайта жаңартылған көпір

Аймақтар • Бүгін, 10:45

Абдолла ақын ұлықталды

Тағзым • Бүгін, 10:35

Қаламгердің көзілдірігі

Таным • Бүгін, 10:25

Өлең боп өмір кешкен

Руханият • Бүгін, 10:05

Алаш дәрігері

Тұлға • Бүгін, 09:55

Сенім һәм ұрпақ тәрбиесі

Пікір • Бүгін, 09:45

Нияз батыр

Зерде • Бүгін, 09:40

Қарақұрт қаптап кетті

Мәселе • Бүгін, 08:50

Туған жерге тірек болар жоба

Шаруашылық • Бүгін, 08:40

Ауадан бензин жасаған

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Кездейсоқ жаңалық

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:20

Пойыздағы арпалыс

Театр • Бүгін, 08:15

Пайдалы пластик

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:03