Экономика • 02 Шілде, 2024

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы төмендеді

163 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

1 шілдеде вице-премьер Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен кеңесте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасына қатысты жағдай қорытындылары талқыланып, күзгі және көктемгі тұрақтандыру қорларында көкөніс қорларын қалыптастыру барысы талқыланды, деп жазады Egemen.kz.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы төмендеді

Фото: gov.kz

Жартыжылдық қорытынды бойынша, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының тұрақты дефляциясы байқалады: маусымда орташа баға индексі 0,3%-ға төмендеді, ал жыл басынан бері жалпы 0,2%-ға төмендеді. Бағаның төмендеу үрдісі жалғасып жатыр.

Сауда және интеграция бірінші вице-министрі Айжан Бижанованың айтуынша, соңғы аптада бағалар тағы 0,1%-ға төмендеді, әсіресе, 9 тауар бойынша: сәбіз (1,5%), қарақұмық жармасы (0,8%), ұн (0,7%), сүт (0,5%), тауық еті (0,2%), күріш, сиыр еті, тұз және қанттың (0,1%) сәл арзандағаны байқалды. Бағаның төмендеуі 10 облыста тіркелді. Айтарлықтай төмендеу Маңғыстау облысында (0,4%) және Павлодар облысында (0,3%) байқалды.

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ербол Тасжүреков өңірлердегі ерте пісетін өнімдерге келісімшарт жасау барысын баяндады. Қазіргі уақытта әкімдіктер маусым-шілде айларына ерте пісетін көкөністерге 37 мың тонна көлемінде форвардтық келісімшарттар жасасты. Вице-министр 1 тамызға дейін өңірлер күзгі өнімді форвардтық сатып алу аясында ауыл шаруашылығы өндірушілерін қаржыландыру қажеттігін, фермерлердің жеңілдетілген қаражатты уақытылы алуын қамтамасыз ету керек екенін атап өтті.

лл

Соңғы жаңалықтар

Халықаралық байқаушылардың бағасы

Референдум • Бүгін, 08:30

Айман мен Шолпанның тілегі

Референдум • Бүгін, 08:10

Қос ғасыр куәгері де қалыс қалмады

Референдум • Бүгін, 08:00