Қазақстандық 15 жасар шахматшы қыз Жансая Әбдімәлік Чехияда әйелдер арасында өткен халықаралық «Прага Оупен» турнирінде бірінші орынды жеңіп алды.
Ол 9 турда 6 ұпай жинап, алдына жан салмады. Ал ер кісілер арасындағы сайыста украин гроссмейстері Олександар Носенко 8 ұпаймен топ бастады. Жарысқа барлығы 209 шахматшы қатысты.
«Жансая Чехиядағы турнирде жеңіске жетуі нәтижесінде өз рейтингісін тағы 10 сатыға көтерді, – деді шахматшы қыздың әкесі Данияр Әшіров. – Бәлки, бұл тым көп те емес шығар, бірақ осының өзі өсуді көрсетеді».
Данияр Әшіров бұдан бөлек, қызының алдағы жоспарлары туралы да айтты. Оның баяндауынша, Жансая Әбдімәлік қаңтардың аяғында Францияда өтетін «Капелла ля-Гранде» турниріне қатысады, содан кейін артынша Исландиядағы «Рейкьявик Оупен» жарысына барады. Қатысушылары жағынан бұлардың соңғысы өте күшті турнир болғалы тұр.
Дамир ҚОЖАМҚҰЛ.

Географиядан ұлттық олимпиада жеңімпаздары анықталды
Білім • Кеше
Қазақстанда жауын-шашынды жасанды көбейту жобасы іске қосылды
Экология • Кеше
Қызылордада бір күнде 600 отбасы баспаналы болды
Аймақтар • Кеше
«Музей түні»: Ел тұрғындарын қандай тосынсыйлар күтеді
Мәдениет • Кеше
Шетелдік инвесторлар үшін «Алтын виза» режимі енгізіледі
Экономика • Кеше
Президент зерделі ұлт қалыптастыруға арналған жарлыққа қол қойды
Президент • Кеше
Ақтөбеде облысында құралайларға GPS сырға тағылды
Экология • Кеше
Мемлекет басшысы LRT жобасын одан әрі жалғастыруды тапсырды
Президент • Кеше