Қоғам • 03 Шілде, 2024

Бақылаусыз кеткен балалар

37 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Жас өскіннің жауапкершілікті сезінбеуі құқық бұзушылық пен қылмысқа бастайды. Бұл орайда беймезгіл уақытта жүретін жасөспірімдердің жүріс-тұрысына үйдегі ата-ана беретін тәрбиенің тізгіні бос болмағаны жөн. Өкінішке қарай, бүгінде сауық-сайран салып, аулада әңгіме-дүкен құруды қалыпты дағдыға айналдырған кәмелетке тол­ма­ғандардың тәртібі де өзекті бола түсті.

Бақылаусыз кеткен балалар

фото: naryntany.kz

Елордалық полицейлер «Құ­қықтық тәртіп» жедел-алдын алу іс-шарасы аясында, сон­дай-ақ кәмелетке толмағандар ара­сын­дағы құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу, балалардың қадағалаусыз және бақылаусыз қалуының алдын алу мақсатында тұрақты негізде жергілікті-рейдтік іс-шараларын өткізеді. Себебі кәме­лет­ке тол­мағандарға қатысты қоз­ғалатын қылмыстық істің көбісі зорлау, жас балаларды азғын­дық жолға түсіру мен 16 жасқа тол­мағандармен жы­ныстық қаты­насқа түсу бабы бойынша қаралған. Ал жаға ұста­тар мұн­дай қылмыстың артуы­на түн­гі жор­туылдың да салдары барын құқық қорғау қызметкерлері жиі ескертеді. Инспекторлар ата-аналар мен оқушыларға күн­де­­лікті түсіндірме жұмысын жүр­­гізіп, жүйелі түрде кездесу өткізеді. Оның ішінде түнгі мезгіл­де жүретін жеткіншектерді бақы­лауға алуға ерекше назар аударылады. Өйткені әлгінде айтқандай, жасөспірімдер қылмысына ата-ананың бақылауынсыз қалған балалардың қатысы көбірек болады. Сол үшін тәртіп сақшылары жаз мезгілі басталса, тәулік бойы жүр­гізілетін түнгі қаладағы тексе­ріс­ті үдете түседі.

Бүгінде кәмелетке тол­ма­ған­дардың арасындағы құқық бұзу­шылықтың алдын алуды көз­дей­тін іс-шараларға қосымша «комен­данттық сағат» енгізілген. Бұл 18 жасқа толмаған балалар мен жасөспірімдерге заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз үйден тыс жерге шығуына тыйым салуға ба­ғыт­талған. Яғни кәмелетке тол­маған баланың түнгі оннан кейін ойын-сауық мекемелерінде жү­руіне, ал түнгі он бірден соң тұр­ғын­жайдан аттап шығуға мүлде болмайды. Алайда құқық қор­ғау қызметінің өкілдері ескерт­пе­ні елең қылмайтын ата-аналар мен жасөспірімдердің жиі кез­десетінін тілге тиек етеді. Сон­дықтан полицейлер ойын-сауық мекемелерінде кәмелетке тол­ма­ған­дардың болуына жиі тек­серіс жасап, тұрақты рейд жүр­гі­зеді.

Мәселен, жақында өткізілген іс-шара кезінде Ш.Айтматов кө­ше­­сіндегі қаланың компьютер­лік ­клуб­­­тарының бірінде сағат түнгі екіде 16 жастағы жасөспірім алаң­сыз ойынның қызығына кіріп кет­кені анықталып отыр. Ең сорақысы, ескерт­пені елең қыл­маған баланың қасында заң­ды өкілі де жоқ. Ал мұндай түн­де­летіп жүрген бала­лардың жа­уап­кершілігін ұмыт қалдырған ата-аналарға жауап­кер­шілік бар. Айталық, түнгі сағат 22-ден таң­ғы 6-ға дейін ойын-сауық меке­ме­­­сінде болуына жол бергені үшін мекеме әкімшісі ӘҚБтК 132-бабының 1-бөлігіне сәйкес, әкім­­шілік жауапкершілікке тар­тыл­ды. Сондай-ақ кәмелетке тол­маған баланың ата-анасына ӘҚБтК 442-бабының 1-бөлігі бо­йын­ша әкімшілік жауапкершілік қарас­ты­рылған.

Биыл жыл басынан бастап елордалық полицейлер осындай 4 мыңнан астам кәмелетке толмағандарды аумақтық ПБ-ға жеткізді. Астана қаласының полиция департаменті ата-аналарға балаларының тәрбиесі мен қауіп­сіз­дігіне жауапкершілікпен қа­рау қажеттігін ескертіп келеді. Ал бұл ескертпені елемейтін, жа­уапты міндетіне жүрдім-бар­дым қарайтын ата-аналарға ар­нал­ған заңның бабы бар. Түнде жүр­ген балалардың тағ­ды­­ры тол­­­ғандырмаса, міндет­те­рін тиі­сінше орындамаған заң­ды өкіл­­дер әкімшілік жауап­кер­ші­лік­тен жалтара алмайды. Өйткені қылмысты болдырмау – тәртіпке мойынұсынудан басталады.