Фото: Астана әкімдігінің ресми сайты
Қауіпсіздік ережелерін сақтау балалардың терезеден құлау жағдайының алдын алады.
«Күн жылынған сәттен бастап қауіпсіздік шараларына көбірек көңіл бөлу керек», дейді құтқарушылар.
Балалар жарақатын азайтудың негізгі қауіпсіздік ережелері:
- үйде кішкентай бала болса, терезелерді ашық қалдырмаңыз, өйткені бұл баланың өмірі мен денсаулығы үшін зор қауіп болмақ;
- балаларды қараусыз қалдырмаңыз, әсіресе терезенің алдында ойнатпаңыз;
- терезедегі масалардан қорғайтын торға сүйеніп тұруға болмайды, бала сол торға алданып, құлап кетуі мүмкін;
- баланың терезені өз бетінше ашуына кедергі келтіретін қауіпсіздік құлыптарын (блокаторлар) орнату керек;
- бала терезенің алдына шығып кетпес үшін жиһазды терезенің жанына қоймаңыз.
Суық маусымнан жылы кезеңге өту аралығы: Балаларды тұмау мен вирустан қалай қорғау керек?