Міне, екінші айға айналып барады, алпыс айлалы қу түлкі таңертеңгілік мезгілде «СевКазЭнерго» АҚ-қа келу дағдысынан бірде-бір жаңылған емес. Мекеме қызметкерлері оны үйлерінен әкелген жылы-жұмсақпен тамақтандырып, әбден қолға үйретіп алған сыңайлы.
– Бастапқыда түлкі екенін аңғарған жоқпыз. Қаңғыбас иттердің бірі шығар деп жорамалдадық. Екі көзі мөлдіреген сүп-сүйкімді түз тағысы арнайы орынға қойылған тамаққа жақындаудан үркектеп, көпке дейін бойын аулақ салып жүрді. Кейін адамдардың өзіне жамандық ойламайтынын сезді білемін, бірте-бірте үйренісе бастады. Жақыннан суретке түсіріп алу мүмкіндігіне де ие болдық, – дейді баспасөз орталығында жұмыс істейтін Игорь Татарченко.
Кейбіреулер «шақырылмаған қонақтың» бұл «қыдырысын» мекеменің қалың орманға тақау орналасуымен байланыстырса, екіншілерінің пікірлері қарны ашқаннан кейін елді мекендерді жағалаған болу керек дегенге сяады. Былтыр қытымыр қыстың қысымына шыдай алмаған еліктер мен тиіндер де осында «қыстап» шығыпты.
Табиғат қорғау саласының мамандары жыл өткен сайын түлкі секілді түз аңдарының көбейіп келе жатқанын жеткізді. Мәселен, Смирнов қорығында 2013 жылы бар-жоғы 36 түлкі болса, былтыр 268-ді құрапты.
Өмір ЕСҚАЛИ,
«Егемен Қазақстан».
Солтүстік Қазақстан облысы.
Суретті түсірген
Игорь ТАТАРЧЕНКО.

Географиядан ұлттық олимпиада жеңімпаздары анықталды
Білім • Кеше
Қазақстанда жауын-шашынды жасанды көбейту жобасы іске қосылды
Экология • Кеше
Қызылордада бір күнде 600 отбасы баспаналы болды
Аймақтар • Кеше
«Музей түні»: Ел тұрғындарын қандай тосынсыйлар күтеді
Мәдениет • Кеше
Шетелдік инвесторлар үшін «Алтын виза» режимі енгізіледі
Экономика • Кеше
Президент зерделі ұлт қалыптастыруға арналған жарлыққа қол қойды
Президент • Кеше
Ақтөбеде облысында құралайларға GPS сырға тағылды
Экология • Кеше
Мемлекет басшысы LRT жобасын одан әрі жалғастыруды тапсырды
Президент • Кеше