Назарбаев Университетінің гранттары шетелдік балаларға да берілді
Алматыда ХІ Халықаралық Жәутіков олимпиадасы мәресіне жетті. Оқушылар арасында математика, физика және информатика пәндері бойынша өткен олимпиадаға Қазақстан, Ресей, Украина, Белоруссия, Әзербайжан, Армения, Грузия, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан, Болгария, Румыния, Сербия және Моңғолия сияқты әлемнің 15 елінен 58 команда қатысқанын хабарлаған едік. Енді, міне, он жылдан бері үздіксіз өткізіліп жүрген Жәутіков олимпиадасында биыл бірінші рет О.Жәутіков атындағы Республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған физика-математика орта мектеп-интернаты бас жүлдені жеңіп алды.
Жеңімпаздарды марапаттау сәтінде «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры Шолпан Қирабаева:
– Сіздердің қай қиырдан келгендеріңізге қарамастан, олимпиадаға ТМД мемлекеттері түгел қатысып отыр, алыс және жақын мемлекеттерден келген оқушылар бар, баршаңызды математика, физика және информатика пәндеріне деген сүйіспеншілік біріктіреді. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі сіздерді дамытып, әлемдегі ең беделді жоғары оқу орындарында білім алуларыңызға ықпал жасайды, – деді.
Сонымен, ең үздік мамандандырылған мектептер арасындағы олимпиаданың жүлделі орындарына 7 команда лайық деп танылды.
Күрделі білім жарысында жеті мәрте бас жүлдені жеңіп алған Мәскеу мемлекеттік универстеті жанындағы мамандандырылған оқу-ғылыми орталығының (СУНЦ) командасын бір сатыға артқа тастап, командалық есепте бас жүлдені бірінші рет РМФМОМИ-дың командасы жеңіп алды. Ендігі жерде есепке жүйрік оқушылар арасындағы бірінші орынды ММУ СУНЦ (Ресей), екінші орынды Ереван мемлекеттік университетінің физика-математика мектебі (Армения) мен София математика мектебінің (Болгария) командалары өзара бөлісті, үшінші орынды Челябінің №31 лицейі (Ресей) мен №199 «Комаров» мектебі (Грузия) және Беларусь мемлекеттік университетінің лицейі ( Минск қаласы) командалары иеленді.
Жеңімпаз командалардың әрбір қатысушысы бағалы сыйлықтармен марапатталды. Гран-при жеңіп алған команда қатысушылары ультрабукқа ие болды. 6 команда мақтау қағаздарымен марапатталды.
Олимпиаданың алтын медаліне 31 оқушы ие болды (Қазақстан – 4, оның 3-уін РМФМОМИ оқушылары – Ахан Исмайлов, Олжас Қадырақұнов, Дәулет Құрмантаев жеңіп алды). Ал 60 оқушы күміс медаль иегері атанды (Қазақстан – 19 медаль, оның 6-уы РМФМОМИ оқушылары. Қола медаль иегерлерінің саны – 87 болса, оның 50-і Қазақстанда қалды).
Барлығы 176 медальдің 50-ін Қазақстан оқушылары жеңіп алса, оның 20-сы РМФМОМИ-ға тиесілі. Олимпиаданың жоғары деңгейде өткенінің куәгері болдық, барлық қазақстандық 50 балаға, яғни жеңімпаздар мен жүлдегерлерге Назарбаев Университеттің білім гранттары және осындай грант шетелден келген олимпиада жеңімпаздарына да берілді. ҚБТУ-дың гранттары табысталды. Әзербайжан университеті (Баку қаласы) барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлерге бірінші рет білім гранттарын ұсынды.
Айнаш ЕСАЛИ,
«Егемен Қазақстан».
АЛМАТЫ.

Президент бірқатар мемлекет басшыларымен телефон арқылы сөйлесті
Президент • Бүгін, 17:40
АҚШ-та дүлей дауыл 60 миллион адамға қауіп төндіріп тұр
Әлем • Бүгін, 17:02
Қазақстан тарихының алтыншы томы бекітілді
Руханият • Бүгін, 16:15
Астанада LRT-ның «Жібек жолы» станциясы әлі ашылған жоқ
Қоғам • Бүгін, 16:04
Олимпиада жүлдегері Денис Ұланов кәсіби мансабын аяқтады
Спорт • Бүгін, 15:43
Дастан Сәтпаевтың командасы: Хаби Алонсо «Челсидің» бас бапкері атанды
Спорт • Бүгін, 15:23
Тараздық оқушы қатерлі ісікті анықтайтын ғылыми жобасымен әлемдік көрмеде топ жарды
Ғылым • Бүгін, 14:21
Астанадағы PGL 2026 турнирінің финалистері анықталды
Спорт • Бүгін, 14:17
Отандық ғалымдар жусанға аллергияны бір аптада емдейтін дәріні әзірледі
Ғылым • Бүгін, 13:53
Ирак Ормұз бұғазы арқылы мұнай экспортын 9 есеге қысқартты
Әлем • Бүгін, 13:23
Африкада Эбола вирусына байланысты төтенше жағдай жарияланды
Әлем • Бүгін, 12:46
Бангкокта пойыз бен автобус соқтығысып, 8 адам көз жұмды
Әлем • Бүгін, 12:30
Астанадағы мектепте атыс ұйымдастырмақ болғандар ұсталды
Қоғам • Бүгін, 12:05
Қасым-Жомарт Тоқаевты шет мемлекет басшылары туған күнімен құттықтады
Президент • Бүгін, 11:35
Қазақстандағы әрбір екінші ересек адамның артериялық қысымы жоғары
Қоғам • Бүгін, 11:16