Оқиға • 03 Шілде, 2024

Павлодарда балаларды ұрған тәрбиеші жұмыстан шығарылды

130 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Павлодарда балабақшадағы бүлдіршіндерге қол көтерген тәрбиешінің әрекеті бейнекамераға түсіп қалды. Облыстық білім басқармасы оқиғаға қатысты түсініктеме берді, деп жазады Egemen.kz.

Павлодарда балаларды ұрған тәрбиеші жұмыстан шығарылды

Фото: strtorg.ru

«1 шілдеде балабақшадағы орта топтың бірінде тәрбиеленіп жатқан балалардың ата-аналары басшының міндетін атқарушыға бейнебақылау камераларын қарау туралы өтінішпен жүгінді. 26-27 маусымдағы жазбаларда тәрбиешінің балаларға дөрекі қарым-қатынасы байқалды», делінген басқарма хабарламасында. 

Осыған байланысты Павлодар қаласындағы №79 балабақша тәрбиешісі жұмыстан шығарылған.

Іске қатысты барлық материалдар құқық қорғау органдарына беріледі.

 

Соңғы жаңалықтар

Тәуелсіздік қаласы

Ғалам ғажаптары • Кеше

Жойқын қаруды жойған шешім

Ғалам ғажаптары • Кеше

Бәсі жоғары дода

Спорт • Кеше

Зияткерлік байқау

Байқау • Кеше

Жаңа буынның көзқарасы мен танымы

Республика күні • Кеше

Өткен күнде белгі бар

Республика күні • Кеше