Қоғам • 04 Шілде, 2024

Тағылымды бастаманы қолдады

46 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Биылғы Ұлттық құрылтайда жастардың кітап оқуына айрықша тоқталған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Кітап оқитын ел зиялы ұлтқа айналады. Біз жас ұрпақтың кітапқа құштарлығын оятуымыз керек», деп айтты. Осыған орай Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Президент бастамасына үн қатып, өскелең ұрпақтың кітап оқуға қызығушылығын арттыру мақ­сатында «Ауыл кітапханаларына – 100 кітап» атты акциясын бастаған еді.

Тағылымды бастаманы қолдады

Бұл акцияны Л.Н.Гумилев атын­дағы Еуразия ұлттық уни­верситеті­нің ғалымдары қызу қолдап, ауыл тұрғындарына кітап оқуды насихаттау, олар­ға кәсіптік бағдар беру жұ­мысын жүргізу, университетке дарынды жастарды тарту мақ­сатында Павлодар, Абай, Шы­ғыс Қазақстан облыстарына іс­сапар­мен барып келді.

Еуразия ұлттық универ­ситеті ректорының кеңесшісі Абзал Талте­новтің айтуынша, ғалымдар шалғай аудандар мен ауыл тұрғындарына қазақ қа­лам­герлерінің үздік шығар­ма­­ларын ғана емес, танымдық-ағар­тушылық бағыттағы әде­биеттер мен университет ғалымдарының кітаптарын тарту еткен.

«Бұл акцияны университет рек­торынан бастап, бар­лық профессор-оқытушы қол­дады. Біз осы акция аясында алыстағы Қаратерек, Жар­ма, Бірлік, Салқынтөбе, Алтай ауылдарының кітапханаларына кейінгі шық­қан 400 жаңа туындыны сыйлап, жас ұрпақтың кітап оқуға қызығу­шы­лы­ғын арттыруды мақсат еттік. Енді бұл бастамаға басқа да жоға­ры оқу орнындағы әріптес­тері­міз белсенді атсалысады деп сенеміз», деді ол.

Ел болашағын жарқын етуде жастардың үлесі зор. Сондықтан тағылымды бастама ауыл жаста­рының қоғамдық ой-санасын жетіл­діріп, рухани өсуіне де өз септігін тигізері анық.