
Кинологиялық қызмет орталығының қызметкері Азамат Оразқанов пен оның «Феликс» атты қызметтік иті дайындықтың жоғары деңгейін көрсетіп, жоғалған баланы санаулы уақыт ішінде жақындарымен қауыштырды. «Феликс» – неміс овчаркасы. Құқық қорғау саласындағы алғырлығымен танылған ақылды жануар. Елорданың кинологиялық қызметіндегі жолы күшік кезінен басталған. Осы екі жыл ішінде оның көмегімен жоғалған 20-ға жуық азамат өз отбасына аман-есен оралған. Соңғы оқиғада да төрт аяқты көмекшінің күш-жігерінің арқасында жоғалған бала аман-есен табылғаны қуантты.