Оқиға • 05 Шілде, 2024

Тәртіп сақшысын соққыға жыққан экс-полковникке қатысты үкім шықты

72 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Павлодарда полицеймен төбелескен запастағы экс-полковник екі жылға бас бостандығынан айырылды. Сот отырысында прокурор зардап шеккен тәртіп сақшысының жамбас аймағынан жарақат алғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz irbistv.kz сайтына сілтеме жасап.

Тәртіп сақшысын соққыға жыққан экс-полковникке қатысты үкім шықты

Фото:arasha.kz

Еске сала кетейік, Нұрлан Өтелбаев 2023 жылдың мамыр айында мас күйінде көлік жүргізгені үшін ұсталған болатын. 

Айыпталушының айтуынша, 2023 жылдың 8 мамырына қараған түні ұсталған кезде полицияға қарсылық көрсетпеген. Ол тек  қызметкерлердің заң бойынша жұмыс істеуін талап еткен. Ал жауап ретінде оның  көзіне газ спрейі шашылған.

Айта кетерлігі, Нұрлан Өтелбаевтың өзі бұрынғы полиция қызметкері. Оқиғадан кейін ол дәрігерлерге жүгінген. Ер адамға қарсы агрессия фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған. Прокурор сот отырысында жәбірленуші жамбас аймағынан жарақат алғанын көрсеткен. Екі айға созылған сот отырысынан кейін үкім шықты.

«Ө.-тың жеке басы туралы мәліметтерді ескере отырып, бұрын сотталмаған, асырауында балалары бар, оның ішінде жас баласы, сондай-ақ қарт анасы бар. Оған пробациялық бақылау белгіленіп, 2 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды», деді Павлодар облыстық сотының баспасөз хатшысы А.Ибраева.

Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.