Оқиға • 05 Шілде, 2024

Елордада дәмханадан өрт шықты

85 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанада қаласындағы Алматы ауданы, Б.Момышұлы көшесі 2Б мекенжайында орналасқан «Кувшин» мейрамханасының жанындағы жазғы дәмхана өртеніп жатыр, деп жазады Egemen.kz.

Елордада дәмханадан өрт шықты

Фото: Astanovka98

Төтенше жағдайлар министрлігі қызыл жалынды сөндіру үшін мамандар жұмыс істеп жатқанын хабарлады. 

Сондай-ақ өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Өрт сағат 16:14-те оқшауланды. Зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта өртті толық сөндіру үшін ТЖД жеке құрамынан 15 адам мен 3  техника жұмылдырылған.