Оқиға • 05 Шілде, 2024

Арыстағы әскери бөлімде 3 адам қайтыс болды

145 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Арыс қаласындағы әскери бөлім аумағында кәріз жүйесіне қызмет көрсету мен тазалау жұмыстарын жүргізу кезінде кәріз газымен улану салдарынан үш адам қаза тапты. Бұл туралы Қорғаныс министрлігі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Арыстағы әскери бөлімде 3 адам қайтыс болды

Фото: asker.kz

Қаза тапқандардың ішінде екі азаматтық тұлға және бір келісімшарт бойынша әскери қызметші бар.

Қайғылы оқиға жұмыс барысында абайсызда құдыққа құлап кеткен Шымкент аудандық пайдалану бөлімінің жұмысшысын құтқару кезінде болды. Оған көмекке келген тағы екі жұмысшы мен келісімшарт бойынша екі әскери қызметші де жағдайдың нашарлауына байланысты жоғары жаққа көтеріліп шыға алмады. Нәтижесінде үш адам сол жерде қаза тапты. Тағы бір жұмысшы мен әскери қызетші Арыс қаласының ауруханасына жеткізілді. Қазіргі таңда олардың жағдайы тұрақты-ауыр деп бағаланып отыр.
Қорғаныс министрлігінің басшылығы мен Қарулы күштердің жеке құрамы қаза тапқандардың отбасыларына барлық қажетті көмек көрсетілетінін мәлімдеді.
«Аталған факті бойынша ҚР ІІМ ӘТБ Шымкент бөлімімен ҚР ҚК 156-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды (еңбекті қорғау ережелерін бұзу)», делінген министрлік хабарламасында.