Спорт • 06 Шілде, 2024

Қонаев командасы топ жарды

120 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Алматы облысында футболға ерекше көңіл бөлініп жатыр. Атап айтсақ, бір жарым жыл бұрын Қонаев қаласында футболдан облыстық мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі ашылып, бүгінде әр ауданда филиалдары тұрақты жұмыс істейді.

Қонаев командасы топ жарды

Сонымен қатар «Іле-Алатау» кәсіби клубы да құрылған. Ондағы спортшылар Қазақстанның 2-лига ойы­нында Алматы облысының абыройын рес­публикалық деңгейде қорғайтын болады. Жасыл алаң иелерінің бәсекелі жарыстары жалғасын тауып келеді.

Жуырда Іле ауданының орталығы Өтеген батыр ауылындағы жасөспірімдер спорт мектебінің стадионында алғаш рет «Алматы облысы әкімінің кубогі» үшін футболдан облыстық турнир ұйымдастырылды. Оған облыс аудандары мен Қонаев қаласынан іріктелген командалар қатысып, тартысты ойын өрнегін көрсетті.

«Облыста бұқаралық спортты да­мытуға мемлекеттік қолдау көрсетудің нәти­жесінде заманауи спорт нысандары салынып, материалдық-техникалық база жаңартылуда. Барлық аудандарда дене шынықтыру-сауықтыру кешендері жұмыс істейді. Халықаралық жарыстарда топ жарған спортшыларымыздың жетістіктері жетіп-артылады. Биыл Парижде өтетін Олимпия ойындарына Алматы облысы спортшыларының 5 лицензия жеңіп алуы – біз үшін үлкен жетістік. Осы жарыста дайындықтарыңыздың жоғары деңгейі мен спорттық шеберліктеріңізді көрсете алатындарыңызға сенімдімін», – деген өңір басшысы Марат Сұлтанғазиев футбол командаларына сәттілік тіледі.

Сайысқа облыстың барлық аудандары мен Қонаев қаласынан 10 команда қатысты. Тартысты турнирдің қорытындысы бойынша үздік ойын көрсеткен Қонаев қаласының командасы 1-орынды иеленіп, жеңімпаз атанды. Ал Кеген ауылының жастары 2-орынды иеленсе, Іле ауданының футбол командасы 3-орынға тұрақтады.

Футбол маусымын ашқан бұл турнир алдағы уақытта өңірдің барлық аудандарында өтетін ала доп бәйгесінің бастауы болғаны анық.

Алматы облысы

Соңғы жаңалықтар

Амал мерекесінің айшығы

Мереке • Бүгін, 08:55

«Mangitas» деректен шашау шығармайды

Технология • Бүгін, 08:45

Жасанды интеллектіні меңгеремін десеңіз...

Жасанды интеллект • Бүгін, 08:35

Шығыстағы сәтті серпіліс

Аймақтар • Бүгін, 08:25

Сапасыз салынған үй сыр берді

Құрылыс • Бүгін, 08:20

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 08:15