Ауа райы • 06 Шілде, 2024

Жауын, күн күркіреп, жел соғады: 7-8 шілде күндеріне ауа райы болжамы жасалды

108 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қазгидромет» РМК 7-8 шілде аралығына арналған ауа райы болжамын жариялады, деп жазады Egemen.kz.

Жауын, күн күркіреп, жел соғады: 7-8 шілде күндеріне ауа райы болжамы жасалды

Демалыс күні Қазақстанның басым бөлігінде күн күркіреп, екпінді жел тұрады. Бұршақ жаууы мүмкін.

Күн жаңбырлы болады.

Қолайсыз ауа райына Новосібір аймағынан келе жатқан циклон себеп болады. Оның ықпалымен елдің солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысында және орталығында қатты жаңбыр жауады.

Республиканың солтүстігінде, шығысында және орталығында күндізгі ауа температурасы +20+28°C, оңтүстік-шығыста +25+33°C арасында сақталады.

Алайда республиканың батысы мен оңтүстігінде +33+40°С градус аптап ыстық болады.