Елорда • 07 Шілде, 2024

LRT құрылысы: Астанада Сығанақ көшесінің бір бөлігі күзге дейін жабылады

103 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордада LRT құрылысына байланысты Сығанақ көшесіндегі айналым съезі жабылады, деп хабарлайды Egemen.kz.

LRT құрылысы: Астанада Сығанақ көшесінің бір бөлігі күзге дейін жабылады

Астанада полиция департаментінің келісімі бойынша LRT құрылысына байланысты жол қозғалысына өзгеріс енгізіледі, деп мәлімдеді CTS компаниясы.

- Елордалық полиция департаментінің келісімі бойынша магистральдардың жүріс бөлігіне іргелес учаскелерде LRT жұмыстарын жүргізу жоспарына сәйкес, Сығанақ көшесі бойынша жол қозғалысын ұйымдастыру өзгертіледі, – делінген хабарламада.

Осыған байланысты 8 шілдеден 31 тамызға дейін Түркістан көшесінен Мәңгілік ел даңғылының көлік айрығына дейінгі учаскеде ростверктерді, тіректер мен ригельдерді орнату бойынша жұмыстарды орындау үшін қозғалыс жолында ішінара шектеу болады. Бұл ретте, Достық көшесі жағынан Сығанақ көшесіне оңға бұрылу айналым съезі жабылады.