Мәдениет • 08 Шілде, 2024

Ұлттық домбыра күні: Елімізде 200-ден астам іс-шара өтті

84 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Еліміздің әр өңірінде Ұлттық домбыра күніне арналған түрлі мәдени іс-шаралар өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Ұлттық домбыра күні: Елімізде 200-ден астам іс-шара өтті

Фото: gov.kz

Ақмола облысында «Домбыра, жүрегіммен үндес едің...» атты мерекелік концерт өтсе, оңтүстік астананың қонақтары мен тұрғындары «Домбыра – асыл қазына» көшпелі көрмесін тамашалады. Көрмеде Абай Құнанбайұлы, Дина Нұрпейісова, Жамбыл Жабаев, Махамбет Өтемісұлы және т.б. көрнекті тұлғалар домбырасының көшірмелері ұсынылды.

Жамбыл облысында «Нағыз қазақ қазақ емес нағыз қазақ – домбыра» атты мәдени іс-шаралар мен мерекелік концерттер өтті.

Қазақстанның шығысында «Әнші қала» байқауы басталып, тақырыптық жәрмеңкелер ұйымдастырылды.

Маңғыстау облысында «Күмбірле, қоңыр домбыра» гала-концерті және мәдениет қайраткерлер қатысқан дөңгелек үстел өтті.

Қостанай облысында да «Күмбірле, қоңыр домбыра» іс-шарасы және облыс домбырашылары арасында музыкалық байқау ұйымдастырылды.

Ақтөбе облысында өскелең ұрпаққа «Домбыра – бабалардан жеткен мұра» атты танымдық іс-шара өткізілді.

«Қазағымның домбырасы күй тартса» іс-шарасы шеңберінде Шымкент жастары ұлттық музыкалық аспаптың тарихымен танысты.