Оқиға • 09 Шілде, 2024

СҚО-да ерлі-зайыптылар мінген көлік аударылып кеткен

130 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Солтүстік Қазақстан облысында ерлі-зайыптылар отырған көлік аударылып кеткен. Жол апаты салдарынан әйел адам дене жарақаттарын алып, жедел жәрдем көлігінде көз жұмған, деп хабарлайды Egemen.kz.

СҚО-да ерлі-зайыптылар мінген көлік аударылып кеткен

Фото:ernur.kz

Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, жол апаты Айыртау ауылының маңында болған. Mercedes-Benz көлігінің иесі 42 жастағы әйел жедел жәрдем көлігінде жан тапсырған. Оның 39 жастағы күйеуі жол-көлік оқиғасы орнынан орталық облыстық ауруханаға жеткізілген.

Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлімдегендей, ер адам комада жатыр. Санитарлық авиация қызметі арқылы аймаққа нейрохирург, невропатолог пен травматолог мамандары дереу жеткен.

«Полиция қызметкерлері сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Жол-көлік оқиғасының барлық мән-жайын зерделеуге бағытталған жұмыстар басталып кетті, олардың қорытындысы бойынша соңғы процессуалдық шешім қабылданады»,  деп хабарлады полицияның баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар

Қайырымдылықтың сауабы мол

Қоғам • Бүгін, 11:30

Протездеудің шебері

Маман • Бүгін, 11:10

Керек дерек

Digital • Бүгін, 11:00

Қайта жаңартылған көпір

Аймақтар • Бүгін, 10:45

Абдолла ақын ұлықталды

Тағзым • Бүгін, 10:35

Қаламгердің көзілдірігі

Таным • Бүгін, 10:25

Өлең боп өмір кешкен

Руханият • Бүгін, 10:05

Алаш дәрігері

Тұлға • Бүгін, 09:55

Сенім һәм ұрпақ тәрбиесі

Пікір • Бүгін, 09:45

Нияз батыр

Зерде • Бүгін, 09:40

Қарақұрт қаптап кетті

Мәселе • Бүгін, 08:50

Туған жерге тірек болар жоба

Шаруашылық • Бүгін, 08:40

Ауадан бензин жасаған

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Кездейсоқ жаңалық

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:20

Пойыздағы арпалыс

Театр • Бүгін, 08:15

Пайдалы пластик

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:03