Саясат • 10 Шілде, 2024

Мектеп құрылысымен танысты

104 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымкент қаласының Абай ауданындағы «Жаңа Тұрлан» шағын ауданында болған Мәжіліс депутаты, «Amanat» партиясы фракциясының мүшесі Данабек Исабеков партияның «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасы аясында салынып жатқан 1200 орындық жаңа мектеп құрылысының барысымен танысты.

Мектеп құрылысымен танысты

Фото: Қосшы қаласының әкімдігі

Қалада «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 18 мектеп салу жоспарланған. Оның 12-сі биыл, қалған 6 мектеп 2025 жылы пайдалануға беріледі.

Сайлаушылармен кездесуде депутат Данабек Исабеков құрылысты дер кезінде аяқтап, балалардың білім алуына қолай­лы жағдай жасаудың маңыз­ын атап өтті.

«Жайлы мектеп» жобасында мектеп­тер­­ді бастауыш және орта сыныптарға ар­­­налған жеке блоктармен, әмбебап мәжіліс зал­­дары­мен, балаларға арналған жеке шкаф­­­тармен, оқу-зертханалық жаб­дық­тар­­мен, жоғары жылдамдықты интер­нет­пен жаб­дықтау көзделген. Сондай-ақ физика, химия және биология, роботтехника каби­неттері мен STEM-зертханалары болады.

Қауіпсіздік мәселелеріне ерекше көңіл бөлінеді. Мектеп ғимараттары тер­ро­­рис­тік қауіп­­тердің алдын алу үшін бей­не­­­бақылау және дыбыстық ескерту жү­йе­лерімен, сондай-ақ есік пен блокты құлып­­тау функ­циясымен жабдықталады. Оқу­­шылардың спортпен шұғыл­данып, саламатты өмір салтын ұстануы үшін бастауыш және жоғары сынып оқушыларына спорт залдары мен түрлі ойын алаңдары салынады. Әр мектепте өз кітапханасы, оқу залы, электронды кітапхана және әр қабатта коворкинг алаңдары болады.

Былтыр пар­тия­ның сайлауалды бағ­дарламасы аясында Шым­кентте 15 мектеп салынып, 3 мектеп кеңейтілді.