АҚТӨБЕ. 21 қаңтар. Ақтөбе облысы аумағында мал ұрлығымен байланысты қылмыстарды ашу және жолын кесу мақсатында «Мал ұрлығы» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Іс-шара аясында криминалдық полиция қызметкерлері Ақтөбе облысының 4 тұрғынынан құрылған қылмыстық топты әшкереледі. 18 қаңтар күні криминалдық полиция және учаскелік полиция инспекторы Алға ауданы Қарақобда кентінде аталған топты ірі қара малын ұрлау кезінде қолға түсірді. Қазіргі таңда олардың Ақтөбе облысы аумағындағы осыған ұқсас 6 мал ұрлығына қатыстылығы белгілі болды.
Күдіктілер бірқатар мал ұрлығына қатысы барларын мойындап отыр.
Сонымен қатар, үстіміздегі жылғы 13 қаңтар сағат 11.00-де Қарғалы ауданы ішкі істер басқармасының кезекші бөліміне 66-жастағы ауыл тұрғыны шағымданып, 2014 жылғы 13 желтоқсанға қараған түні белгісіз адамдардың ауыл шетіндегі шаруашылығынан 4 қойды ұрлап кеткенін айтқан. Келтірілген шығын көлемі 100 мың теңгені құрайды.
Жедел-іздестіру іс-шарасы барысында ішкі істер департаменті криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері аталған қылмысты жасады деген күдікпен 16-18 жастағы ауыл тұрғындарын қолға түсірген. Тінту барысында күдіктілерден ұрланған қойлардың терісі тәркіленді. Жауап алу кезінде күдіктелер кінәларын мойындады. Қазіргі таңда күдіктілер қамауға алынып, Қылмыстық кодекстің 188-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Сатыбалды Сәуірбай.
Дерек: egemen.kz.
Сурет: azgazeta.ru.
• 21 Қаңтар, 2015
Ақтөбеде мал ұрлығына байланысты арнайы іс-жара жүріп жатыр

Тарихшы ғалымның хаттары кітап болып жарық көрді
Әдебиет • Кеше
Түркістанда Түркі өркениеті орталығы бой көтереді
Аймақтар • Кеше
Түркі халықтарының көшбасшылары Turkistan визит-орталығына барды
Президент • Кеше
Президент түркі тарихын біріктіретін AI-платформа құруды ұсынды
Президент • Кеше
Президент: Түркі мемлекеттері ұйымы – геосаяси жоба емес
Президент • Кеше
Мемлекет басшысы: Түркістан – атажұртымыздың мызғымас темірқазығы
Президент • Кеше