Аймақтар • 12 Шілде, 2024

Жүк көліктерінің қозғалысына шектеу қойылды

194 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы жыл сайын жаз айларында ауыр жүк көліктерінің қозғалысына уақытша шектеу енгізеді, деп жазады Egemen.kz.

Жүк көліктерінің қозғалысына шектеу қойылды

Фото: inbusiness.kz

Компания бұл шектеулерге ыстық ауа райында жол қауіпсіздігі мен жол жабынын сақтау себеп болғанын түсіндірді.

Шектеу мерзімі аймақтағы ауа райына байланысты 1 маусымнан 31 тамыз, 1 маусымнан 15 тамыз аралығын қамтиды.

Жыл сайын 1 маусым мен 31 тамыз аралығында, ауа температурасы 25°С жоғары болған кезде сағат 10:00-ден 22:00-ге дейін келесі аймақтарда жүк көліктерінің қозғалысына шектеу енгізіледі:

  • Алматы облысы;
  • Атырау облысы;
  • Жамбыл облысы;
  • Жетісу облысы;
  • Ұлытау облысы;
  • Қызылорда облысы;
  • Түркістан облысы;
  • Маңғыстау облысы. 

Ал 1 маусым мен 15 тамыз аралығында, ауа температурасы 25°С жоғары болған кезде сағат 11:00-ден 21:00-ге дейін мына аймақтарда жүк көліктерінің қозғалысына шектеулер енгізіледі: 

  • Абай облысы;
  • Ақмола облысы;
  • Ақтөбе облысы;
  • Шығыс Қазақстан облысы;
  • Батыс Қазақстан облысы;
  • Қарағанды облысы;
  • Қостанай облысы;
  • Павлодар облысы;
  • Солтүстік Қазақстан облысы. 

«ҚазАвтоЖол» осы ережелер сақталғанда жолдар ұзақ қызмет етуіп қана қоймай, жөндеу жұмыстарына кететін шығын азаятынын алға тартты.

Соңғы жаңалықтар

Орфандық ауру асқынып тұр

Медицина • Бүгін, 09:30

Он тілді меңгерген оқушы

Білім • Бүгін, 09:25

Орталық Азиядағы орта держава

Қазақстан • Бүгін, 09:02

Жүрек қағысын жетілдіру тәсілі

Медицина • Бүгін, 08:45

Дара да дана қайраткер

Тұлға • Бүгін, 08:40

Робот ота жасады

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:25

Ең ұзын туннель

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Аққыздың аманатын арқалаған

Руханият • Бүгін, 08:07

Күмбірлеп өткен күй ғұмыр

Тағзым • Бүгін, 08:05

«Пахтакор» – чемпион!

Футбол • Бүгін, 08:02

Отыз үйрек, бес қырғауыл

Аймақтар • Бүгін, 07:50